Жаңалықтар

УНИВЕРСИТЕТТІК СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ

1 мин. оқу
УНИВЕРСИТЕТТІК СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫН САЙЛАУ

6 қараша күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде студенттік өзін-өзі басқару жүйесіндегі маңызды кезең — Студенттік Құрылтай депутаттарын сайлау өтуде.
Әр факультеттен ұсынылған үміткерлер студенттердің қолдауына ие болу үшін сайлау додасына түсіп, өз кандидатураларын ұсынды. Енді олардың арасынан кімнің студенттер сеніміне ие болатынын дауыс беру нәтижесі айқындайды.
Сайлау учаскелерінде дауыс беру басталды. Студенттер өз таңдауларын жасап, факультетінің атынан құрылтай жұмысына қатысатын өкілдерді анықтауда.
Студенттік құрылтай —университет тынысындағы өзекті мәселелер талқыланып, жастардың ұсыныстары мен бастамалары ортақ мінберде қарастырылатын алаң. Сондықтан бұл сайлау студенттердің университет өміріне араласу мүмкіндігін кеңейтіп, олардың ортақ іске деген жауапкершілігін танытады.