2026 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында Қарағанды облысына келген Құрылтай депутаттарымен кездесу өтті.
Аталған іс-шараға академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті заң факультетінің конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы, Қарағанды облыстық Т.Г. Шевченко атындағы «Рідне слово» украин тілі мен мәдениетінің этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Еременко Наталия Сергеевна қатысты.
Кездесу барысында депутаттар Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған стратегиялық міндеттерге тоқталып, өңірлік деңгейде ерекше назар аударуды қажет ететін басым бағыттар мен өзекті мәселелерді талқылады.
Сонымен қатар Қарағанды облысының әкімі Е.Қ. Бөлекпаев әрбір жұмыс бағыты бойынша нақты орындау мерзімдері мен жауапты тұлғаларды айқындай отырып, тиісті іс-шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.
Жаңалықтар
ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Buketov University