QS Asia 2027 халықаралық рейтингінің нәтижелері жарияланды. Бөкетов ұлттық зерттеу университеті Азияның үздік жоғары оқу орындары арасында 202-орынға ие болды. Сонымен қатар университет Орталық Азиядағы үздік он жоғары оқу орнының қатарына енді.
Университет бірқатар негізгі көрсеткіш бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
«Шығатын академиялық ұтқырлық» көрсеткіші бойынша 100 балл жинап, өткен кезеңмен салыстырғанда 11 сатыға жоғарылады.
«Оқытушылар мен студенттер арақатынасы» көрсеткіші бойынша 98,8 балл иеленіп, осы бағыттағы орнын бірден 32 сатыға жақсартты.
«Кіретін академиялық ұтқырлық» көрсеткіші бойынша да оң нәтижеге қол жеткізіп, рейтингтегі көрсеткішін 21 сатыға көтерді.
Бұл нәтиже – университет ұжымының білім беру сапасын арттыру, академиялық ұтқырлықты дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту бағытындағы жүйелі жұмысының жемісі.
Университет ұжымын, профессор-оқытушылық құрамды және білім алушыларды жоғары жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ғылым мен білім саласындағы табыстар толығып, университеттің халықаралық деңгейдегі беделі арта берсін!
Жаңалықтар
QS ASIA 2027 РЕЙТИНГІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ – АЗИЯНЫҢ ҮЗДІК 202 УНИВЕРСИТЕТІ ҚАТАРЫНДА
Buketov University