Жаңалықтар

ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

1 мин. оқу
ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРМЕН ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде шетелдік студенттермен жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне арналған жұмыс жиыны өтті.
 Кездесуге факультет декандары мен университеттің құрылымдық бөлім басшылары қатысып, шетелден келген білім алушыларға қолайлы академиялық және әлеуметтік орта қалыптастырудың өзекті бағыттарын талқылады.
Күн тәртібінде шетелдік студенттердің университет өміріне бейімделуі, оқу үдерісіне қатысуы, жеке құжаттарының уақытылы рәсімделуі, визалық мәртебесі мен медициналық сақтандыруына қатысты мәселелер қамтылды. Сондай-ақ олардың студенттер үйіне орналасуы мен тұрғылықты жеріне байланысты жағдайлар қарастырылды.
 Жиында аталған бағыттар бойынша жауапты бөлімдердің міндеттері мен өзара іс-қимылын үйлестірудің маңыздылығы атап өтілді. Шетелдік студенттердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, оқуына және университет ортасына бейімделуіне қажетті жағдай жасау мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.
Университетте шетелдік білім алушылармен жұмысты жүйелі ұйымдастыру – білім беру сапасын арттырудың және халықаралық академиялық ортаны дамытудың маңызды бағыттарының бірі.