Педагогика факультетінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына арналған ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында студенттер Жолдауда қамтылған өзекті мәселелер бойынша баяндамалар жасап, ел дамуына бағытталған бастамалар жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ ұсынылған міндеттердің маңызын талқылап, болашақ педагогтердің оларды жүзеге асырудағы рөліне тоқталды. Білім беру жүйесін жетілдіру, әрбір білім алушыға тең мүмкіндік қалыптастыру және оқу үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ашық сабақ студенттердің пікір алмасып, ел дамуының басым бағыттарын тереңірек зерделеуіне мүмкіндік берді. Мұндай кездесулер жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, қоғамдық маңызы бар мәселелерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.
Buketov University