Жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: БАСЫМ БАҒЫТТАР МЕН МАҢЫЗДЫ

1 мин. оқу
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ: БАСЫМ БАҒЫТТАР МЕН МАҢЫЗДЫ

Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің Химия факультетінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына арналған ашық сабақ өтті.
Сабақты қауымдастырылған профессор Н.Н Жаникулов жүргізді. Ашық диалог форматында өткен кездесуде Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басым бағыттар мен ел дамуының алдағы кезеңіне арналған негізгі міндеттер қарастырылды.
 Сабақ барысында оқытушы Жолдаудың әрбір бағытына жеке тоқталып, ұсынылған бастамалардың мазмұны мен маңызын түсіндірді. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, тақырып аясында пікір алмасты. Сондай-ақ Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты өз көзқарастарын білдіріп, ел дамуының басым бағыттары жөнінде ойларын ортаға салды.
Университетте мұндай кездесулерді ұйымдастыру білім алушылардың мемлекеттік маңызы бар құжаттардың мазмұнын терең зерделеуіне, ел дамуының басым бағыттары жөніндегі білімін толықтыруына және қоғамдық мәселелерді талқылау мәдениетін қалыптастыруына мүмкіндік береді.