Жаңалықтар

«БІЗ ДАРЫНДЫНЫ ІЗДЕЙМІЗ»: ЖАС ТАЛАНТТАР ӨНЕРІМЕН ТАҢЫЛУДА

1 мин. оқу
«БІЗ ДАРЫНДЫНЫ ІЗДЕЙМІЗ»: ЖАС ТАЛАНТТАР ӨНЕРІМЕН ТАҢЫЛУДА

Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде бірінші курс студенттері арасында дәстүрлі «Біз дарындыны іздейміз» байқауы жалғасуда. Шығармашылық сайыстың кезекті күні өнерге құштар жастар бас қосып, өз таланттарын ортаға салды.
Байқауда Педагогика, Шетел тілдері, Заң, сондай-ақ Биология-география факультеттерінің бірінші курс студенттері өнер көрсетті. Қатысушылар ән айтып, би билеп, өлең оқып, сахнадағы шеберліктерін танытты. Әр факультеттің жас өнерпаздары ерекше дайындықпен келіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Барша қатысушыға сәттілік тілейміз! Жас таланттардың өнері өрге жүзсін!