Жаңалықтар

ҚҰТТТЫҚТАЙМЫЗ!

1 мин. оқу
ҚҰТТТЫҚТАЙМЫЗ!

31 қазанда Астана қаласында «Bilim orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы мен «Даму» халықаралық инновациялық орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Үздік студент» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

 Байқау қорытындысы бойынша академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің «Сот және прокурорлық қызмет» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Нұрмағамбетова Айзара Маратқызы I дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ғылыми жетекшісі — Альбекова Мадина Гайратовна, қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы.

Байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылып, дарынды жастарды қолдауға, жастар саясатын дамытуға, сондай-ақ креативті идеялар мен жаңа бастамаларды ынталандыруға бағытталған.

Лайықты марапатымен құттықтаймыз және алдағы уақытта табысқа жетуіне, жаңа ғылыми жетістіктерге қол жеткізуіне және кәсіби өсуіне тілектеспіз!31 октября в городе Астана состоялось награждение победителей республиканского конкурса «Үздік студент», организованного Национальным инновационным научно-исследовательским центром «Bilim orkenieti» совместно с Международным инновационным центром «Даму».