Бүгін «Әділет» партиясы Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша үгіт-насихат науқаны аясындағы сайлауалды кездесулер сериясын қорытындылады.
Ашық диалогтың кезекті алаңына академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті айналып, профессор-оқытушылық құраммен кездесу ұйымдастырылды.
🎓 Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті — бай дәстүрі мен терең тарихы бар, ондаған жылдар бойы экономиканың түрлі салалары мен әлеуметтік бағыттар үшін жоғары білікті мамандар даярлап келе жатқан жоғары оқу орны.
Сондықтан мұндай кездесулердің маңызы ерекше. Өзара құрмет, кәсіби тәжірибе және өңірдің болашағына деген ортақ жауапкершілік алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін берік негіз қалыптастырады.
Кездесу барысында қатысушылар шаһарымыз бен аймақты дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Заманауи зияткерлік орталық ретінде ғылым қаласын құру перспективаларына ерекше назар аударылды. Мұнда ірі ғылыми институттар мен зертханалар дамып, тұрғындардың елеулі бөлігін ғалымдар, инженерлер, бағдарламашылар мен зерттеушілер құрайтын болады.
Сонымен қатар ғалымдар мен жастар үшін қолжетімді тұрғын үй салу, перспективалы мамандарды өңірге тарту және олардың тұрақтап қалуына жағдай жасау мәселелері де көтерілді.
Кездесуде кеншілер астанасының болашағы — оның экономикалық әлеуеті, жаңа өсу нүктелері және одан әрі даму мүмкіндіктері туралы да сөз болды.
Қарағанды облысы — қуатты өнеркәсіптік әлеуеті, дамыған ауыл шаруашылығы және бай адами капиталы үйлесім тапқан бірегей өңір.
Дәл осы адамдардың жігері, дамуға деген ұмтылысы, білімі мен жастардың бастамашылдығы өңір мен тұтас мемлекеттің тұрақты әрі серпінді дамуын қамтамасыз ететін ішкі ресурс қалыптастырады.
Әртүрлі салалар мамандарының тәжірибесіне сүйеніп, әрбір бейжай қарамайтын азаматтың пікірін ескере отырып, қоғам, өңір және келешек ұрпақ игілігі үшін бірлескен жұмыстың ортақ бағытын қалыптастыру маңызды!
Жаңалықтар
АШЫҚ ДИАЛОГ: ҚАРАҒАНДЫ ӨҢІРІН ДАМЫТУ ЖОЛЫНДА
Buketov University