Жаңалықтар

«БІЗ ДАРЫНДЫНЫ ІЗДЕЙМІЗ»: САХНАДА — ЖАС ТАЛАНТТАР

1 мин. оқу
«БІЗ ДАРЫНДЫНЫ ІЗДЕЙМІЗ»: САХНАДА — ЖАС ТАЛАНТТАР

Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде бірінші курс студенттері арасында дәстүрлі «Біз дарындыны іздейміз» байқауы жалғасуда. Шығармашылық сайыстың екінші күні өнерге құштар жастар өз қабілеттерін ортаға салып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бүгінгі байқауда Физика-техникалық, Дене мәдениеті және спорт, Математика және ақпараттық технологиялар, сондай-ақ Экономика факультеттерінің бірінші курс студенттері өнер көрсетті. Қатысушылар ән айтып, би билеп, өлең оқып, сахна мәдениеті мен орындаушылық шеберлігін танытты. Әр факультеттің жастары өз өнері арқылы ерекшеленіп, көрермен ықыласына бөленді.
Мұндай байқаулар студенттердің шығармашылық қабілетін шыңдап қана қоймай, өзіне деген сенімін арттырып, жаңа қырынан танылуына жол ашады. Университет қабырғасында білім алып жүрген жастар үшін бұл — өнерін ортаға салып, қатарластарына шабыт сыйлайтын тамаша мүмкіндік.
Байқау алдағы күндері де жалғасады. Барша қатысушыға сәттілік тілейміз! Жас таланттардың өнер жолындағы алғашқы қадамдары жарқын жетістіктерге ұлассын!