Жаңалықтар

БӨКЕТОВ ҰЛТТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

1 мин. оқу
БӨКЕТОВ ҰЛТТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ СТУДЕНТТІК ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ҰЙЫМДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

9 қазан күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде студенттік ұйымдардың жетекшілерімен, жастар қозғалыстарының өкілдерімен және шығармашылық ұжымдардың басшыларымен кездесу өтті. Басқосу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылаудан басталды. Кездесуге студенттік ұйымдардың жетекшілері, жастар қозғалыстарының өкілдері және шығармашылық ұжымдардың басшылары қатысты.
Жиында студенттік бастамаларды қолдау, волонтерлік қызметті дамыту, шығармашыл жастарға мүмкіндік беру және студенттік өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жастардың ұсыныстары мен өзекті мәселелеріне назар аударылып, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысу жолдары қарастырылды.
Кездесуде «Biz Barmyz» волонтерлік ұйымының қызметі, Жастар ісі жөніндегі комитеттің үйлестіруші рөлі және шығармашылық ұжымдардың жұмысын дамыту мәселелері қозғалды. Жастар ұйымдары арасындағы байланысты нығайтып, ортақ жобаларды бірлесе жүзеге асырудың маңызына басымдық берілді.
 Кездесудің маңызды тақырыптарының бірі – 6 қарашада өтетін Студенттік Құрылтай депутаттарының сайлауы. Сайлаудың ашық әрі әділ өтуі, үміткерлердің нақты бағдарламалар ұсынуы және студенттермен тұрақты байланыс орнатуы мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында жастардың тың бастамаларын қолдау, олардың әлеуетін дамыту және университет өміріне белсенді араласуына жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне назар аударылды. Студенттер өз ұсыныстары мен сұрақтарын ортаға салып, алдағы жобаларға қатысты пікірлерін білдірді.