Жаңалықтар

ҚАРҰЗУ-ДА ПСИХОЛОГТАРҒА БІЛІКТІЛІК СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ!

ҚАРҰЗУ-ДА ПСИХОЛОГТАРҒА БІЛІКТІЛІК СЕРТИФИКАТТАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ!
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде персоналдың сәйкестігін растау органында біліктілігінің сәйкестігін растау рәсімінен сәтті өткен психологтарға сертификаттар табысталды.
Сертификаттарды:
Каминская Алифтина Юрьевна, Николаевская Ольга Олеговна, Закирова Меруерт Камаровна, Рахимбекова Жансая Шенгелбаевна және Вяткина Татьяна Сергеевна алды.
Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ жанындағы Персоналдың сәйкестігін растау органы Ұлттық аккредиттеу орталығынан аккредиттеуден өткен және ГОСТ ISO/IEC 17024 талаптарына сәйкес психологтардың біліктілігін, білімін және практикалық дағдыларын тәуелсіз бағалауды жүзеге асырады.
Аккредиттеу саласы психодиагностика, психологиялық кеңес беру, білім беру, әлеуметтік және ұйымдастырушылық психологияны қоса алғанда, психологиялық қызметтің сегіз бағытын қамтиды.
Сертификаттау рәсімі объективтілік, тәуелсіздік және бейтараптық қағидаттарына негізделген.
Мүдделер қақтығысын болдырмау мақсатында практикалық кейстерді жасырын бағалау және цифрлық мониторинг қолданылады. Сонымен қатар емтихан комиссияларының жұмысына тәуелсіз практик-сарапшылар тартылады.
Сертификаттарды табыстау ҚарҰЗУ-да психологтардың кәсіби құзыреттерін тәуелсіз бағалау жүйесін дамытудың кезекті маңызды кезеңі болды.
Персоналдың сәйкестігін растау органы бекітілген бағыттар бойынша мамандардан өтінімдер қабылдауды және сертификаттау рәсімдерін өткізуді жалғастыруда.
Сертификат иелерін құттықтаймыз! Сіздерге кәсіби жетістіктер, жаңа білім, толағай табыстар және психолог мамандығын дамыту жолындағы жемісті еңбек тілейміз!