Buketov National University-де студенттер арасында дәстүрлі факультетаралық спартакиада жалғасуда.
Бүгін баскетбол алаңында факультеттердің ерлер құрамалары үздік атану үшін бақ сынады. Жас спортшылар тартысты ойын көрсетіп, жеңіске деген жігерін танытты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын — Дене мәдениеті және спорт факультетінің командасы;
ІІ орын — Филология факультетінің командасы;
ІІІ орын — Математика және ақпараттық технологиялар факультетінің командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз! Барша қатысушыға сәттілік, толағай табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!
Жаңалықтар
СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ СПАРТАКИАДА
Buketov University