Бүгін Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде бірінші курс студенттері арасында дәстүрлі «Біз дарындыны іздейміз» байқауы басталды. Өнерге ынталы жастардың басын қосқан байқау — студенттердің бойындағы қабілетті танытып, шығармашылық ізденісіне жол ашатын ерекше мүмкіндік.
Байқаудың алғашқы күнінде Философия және психология, Химия, Филология факультеттерінің бірінші курс студенттері өнерлерін ортаға салды. Бірі әсем әнімен көрерменді баураса, енді бірі мың бұрала билеп, сахна сәнін келтірді. Өлең оқып, жүргізушілік шеберлігін танытқан жастар да өз өнерін паш етіп, көрермен ықыласына бөленді.
Өнерлі жастардың өнер додасы алдағы күндері де жалғасады. Барлық қатысушыға сәттілік тілейміз! Әр таланттың жұлдызы жарқырап, өнерге бастаған алғашқы қадамы үлкен жетістіктерге ұлассын!
Жаңалықтар
«БІЗ ДАРЫНДЫНЫ ІЗДЕЙМІЗ»: ӨНЕРГЕ ҚҰШТАР ЖАСТАР САХНАДА
Buketov University