Заң факультетінің 3 курс студенттері «Buketove Justice» командасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Тіл саясаты комитеті» мемлекеттік мекемесі мен Maqsut Narikbayev University ұйымдастырған «Заңғар заңгер» атты ІІ республикалық зияткерлік байқауында жүлделі 2 орын алуымен және ақшалай 200 000 теңге жеңіп алуымен құттықтаймыз!
Команда мүшелері:
1. Қызылов Абылай - Ю-24-3к;
2. Сембаева Ұлпан - Ю-24-3к;
3. Серік Аделя - Ю-24-1к;
4. Сейдиллаев Дидар - Ю-24-1к;
5. Қален Мирас - СПД-24-1к.
Команда жетекшісі: Әбдіжәми Айтуған Жұмахметқызы – азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты.
Зияткерлік сайысқа еліміздің 11 беделді университеттері қатысып, болашак заңгерлердің біліктілігін арттырып, өзара байланыстарын нығайтуға, құқықтық заңнаманың сапасын арттыруға ықпал етті. Алдағы уақытта да зияткерлік сайыстарда университетіміздің туын желбіретеді деп сенеміз.
Жаңалықтар
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Buketov University