28 қазан күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің конференц-залында әкімшілік құрылым басшыларының қатысуымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы көрсетілді.
Жолдауда мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, ғылым мен білімді дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану және инклюзивті білім беру мәселелері қамтылды. Сондай-ақ білім беру саласындағы өзекті міндеттер, мұғалім мәртебесі мен кәсіби жауапкершілікке қатысты мәселелерге назар аударылды.
Жоғары оқу орындары үшін бұл бағыттар ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру, білім беру үдерісін жетілдіру және заманауи технологияларды меңгерген білікті мамандар даярлау тұрғысынан маңызды. Ғылым мен инновацияның дамуы елдің зияткерлік әлеуетін нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Бөкетов университеті білім мен ғылымды ұштастыру, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану және бәсекеге қабілетті мамандар даярлау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
Жаңалықтар
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫ – ЖАҢА МІНДЕТТЕР МЕН БАСЫМДЫҚТАР
Buketov University