Жаңалықтар

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

1 мин. оқу
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті Заң факультетінің Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Еременко Наталья Сергеевнаға Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуына орай шын жүректен құттықтауымызды білдіреміз!
Бұл жоғары марапат – Сіздің көп жылғы адал еңбегіңіздің, кәсіби шеберлігіңіздің, білім беру саласына қосқан елеулі үлесіңіздің және жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қажырлы қызметіңіздің лайықты бағасы.
Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық, шығармашылық шабыт, кәсіби табыс және ғылыми-педагогикалық қызметіңізге толағай жетістіктер тілейміз! Еңбегіңіздің жемісін көріп, шәкірттеріңіздің құрметіне бөленіп, абыройыңыз асқақтай берсін!
Марапатыңыз құтты болсын! Еңбегіңіз еленіп, мерейіңіз әрдайым үстем болсын!