6В04205 «Кәсіпкерлік қызметті құқықтық реттеу» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті, Президенттік стипендия иегері Мукушева Меруерт қазіргі уақытта ғылыми тағылымдамадан өту мақсатында Италиядағы Неаполь Федерико II университетінде (Università degli Studi di Napoli Federico II) білім алуда.
Ғылыми тағылымдама – өзге елдің білім беру жүйесімен танысуға, кәсіби білімін тереңдетуге, халықаралық тәжірибе жинақтауға және мәдениетаралық құзыреттіліктерін дамытуға берілген тамаша мүмкіндік.
Меруертке оқуында табыс, жарқын әсерлер, жаңа ғылыми жаңалықтар және Италиядағы тағылымдамасының жемісті өтуін тілейміз!
Buketov University