Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

1 мин. оқу
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

2026 жылғы 22–23 қазанда Ташкент қаласында (Өзбекстан) өткен «Advanced Polymer Science for Sustainable Development» халықаралық конференциясына х.ғ.д., профессор Е.М. Тәжбаевтың ғылыми тобы қатысты. Конференция Өзбекстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына, Полимерлер химиясы мен физикасы институтының 45 жылдығына және академик Х.У. Усмановтың 110 жылдығына арналды.
Ғылыми топтың жетекшісі «Physicochemical Principles of Creating Functional Polymer Systems: From Nanoparticles to Hydrogels and Microneedles» тақырыбында шақырылған баяндама жасап, ғылыми секциялардың бірінің тең төрағасы болды.Жас зерттеушілер өз ғылыми жұмыстарының нәтижелерін ауызша баяндамалар (А. Ғалиева, А. Дәрібай) және постерлік баяндамалар (А. Болатбай, Е. Насихатұлы, Ұ. Сырымова) форматында ұсынды.