Жаңалықтар

ЕРЖАН ҚОЖАМЖАРОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФУТЗАЛ ТУРНИРІ

1 мин. оқу
ЕРЖАН ҚОЖАМЖАРОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФУТЗАЛ ТУРНИРІ

«Жігіттің сұлтаны» спорт кешенінде Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің аға оқытушысы Ержан Жүрсінұлы Қожамжаровты еске алуға арналған республикалық футзал турнирі өтті.
Ержан Жүрсінұлының ғұмыры ұстаздық қызметпен, жас ұрпаққа білім мен тәрбие берумен тығыз байланысты болды. Ол өз ісіне адалдығымен, кәсіби біліктілігімен және білім беру саласына қосқан үлесімен әріптестерінің құрметіне бөленді. Еңбегі еленіп, «Дене шынықтыру және спорт саласындағы адал еңбегі үшін» наградасымен марапатталды.
Биылғы турнирдің ауқымы кеңейіп, жарысқа Қарағандымен қатар Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Шымкент қалаларының жоғары оқу орындарынан командалар қатысты. Еліміздің әр өңірінен жиналған әріптестер арасындағы бұл бәсеке университеттер арасындағы спорттық байланысты нығайтып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Жарыс барысында командалар шеберліктерін танытып,тартысты кездесулер соңғы сәтке дейін жалғасты.
Жыл сайын қатысушылар қатары толығып келе жатқан турнирдің мәні терең. Бұл – әр өңірдің ұстаздарын ортақ мақсатқа тоғыстыратын, әріптестік байланысты бекемдейтін әрі бар ғұмырын университет пен жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған Ержан Жүрсінұлының есімін ұлықтайтын спорттық дәстүр.