Жаңалықтар

ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

1 мин. оқу
ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

2026 жылғы 22 қазанда Конституциялық және халықаралық құқық кафедрасының аға оқытушысы Еременко Н.С. Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарма басшысының шақыруымен «Тіл – татулық тірегі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараның мақсаты – қазақ тілінің Қазақстан халқын біріктіруші, қоғамдық келісім мен өзара құрметті нығайтушы фактор ретіндегі маңызын кеңінен насихаттау.
Дөңгелек үстел барысында түрлі этнос өкілдері мемлекеттік тілді үйрену және үйрету жолындағы мол тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар тіл амбассадорлары 2027 жылға арналған жұмыс жоспарына қатысты өз ұсыныстарын білдірді.
Іс-шара қорытындысы бойынша басқарма басшысы Алма Қабыкенқызы Шалабаева қатысушыларға алғыс хаттар табыстады.