Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ СПАРТАКИАДА

1 мин. оқу
СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ СПАРТАКИАДА

Бөкетов университетінде студенттер арасында дәстүрлі факультетаралық спартакиада өтуде!
Жыл сайынғы студенттік спорт додасы баскетбол алаңынан бастау алды. Алғашқы кезеңде факультеттердің қыздар командалары үздік атану үшін бақ сынады. Қатысушылар тартысты әрі әсерлі ойын өрнегін көрсетіп, спартакиаданың жоғары қарқынын қалыптастырды!
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
1-орын — Дене мәдениеті және спорт факультетінің командасы;
2-орын — Биология-география факультетінің командасы;
3-орын — Физика-техникалық факультетінің командасы.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді сәтті бастамаларымен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жігер, жаңа спорттық жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!