Жаңалықтар

СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

1 мин. оқу
СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙ МҰРАСЫ – ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ЖАҢА КӨКЖИЕГІ

2026 жылғы 21 қазанда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде ұлттық руханият пен қазақ ғылымының дамуына серпін беретін маңызды ғылыми семинар өтті.
«Серікбол Қондыбай мұрасы және қазақ мифолингвистикасының жаңа бағыттары» атты ғылыми жиында қазақ халқының сан мыңжылдық рухани мұрасы, тіл мен мифологияның терең байланысы, көне дүниетанымның құпиялары мен оларды зерттеудің тың ғылыми бағыттары талқыланды.
Семинардың маңызды оқиғаларының бірі – қазақ мифолингвистикасының өзекті мәселелеріне арналған “Қазақ тілі дыбыстарының архетиптік және мифтік-лингвистикалық интерпретациясы (С.Қондыбай әдісі негізінде) атты жаңа монографияның тұсаукесері болды.
Ғылыми семинарда мазмұнды баяндамалар ұсынылды:
Балсұлу ҚОНДЫБАЙ – «Серікбол Қондыбай шығармашылығының бүгінгі таңдағы келбеті»;
Зира НАУРЫЗБАЙ – «Серікбол Қондыбайдың мифолингвистикалық реконструкциясы - көне тарих беттерін қалыпқа келтіру әдіснамасы»;
Болат ХАСЕНОВ – «Қазақ тілі дыбыстарының мифтік-лингвистикалық интерпретациясы»;
Алмагүл ӘДІЛОВА – «Көне көшпенділердің генетикалық жадына жаңа көзқарас»;
Жанар БАЙТЕЛИЕВА – «Лингвистикадағы жаңа ғылыми парадигмалар»;
Балкенже АҚБЕРДЫЕВА – «Қазақ тілі дыбыстарын мифтік-архетиптік деңгейде зерделеудегі тың көзқарас».
Ғылыми басқосуда Серікбол Қондыбайдың бай мұрасын жаңаша зерделеу, қазақ тілінің терең тарихи қабаттарын тану, мифологиялық дүниетаным мен тілдік құрылымдардың сабақтастығын ғылыми тұрғыдан пайымдау мәселелері кеңінен қозғалды.