Бөкетов университетіне ұлттық мәртебесі берілуінің 1 жылдығына арналған этно-тимбилдинг барысында қола дәуірі мен ерте темір дәуіріне тиесілі бірегей археологиялық жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды.
Іргелі оқу ордамыздың археологиялық экспедициялары барысында табылған жәдігерлер Орталық Қазақстанның ежелгі тұрғындарының материалдық мәдениетінің ерекшеліктерін танытып, шаруашылықтың, әскери дағдының және жылқы шаруашылығының даму үдерісін зерделеуге мүмкіндік береді. 🐎⚔️
Жәдігерлердің қатарында қару-жарақтар, еңбек құралдары және ат әбзелдерінің бөлшектері бар.
Оған қоса археолог ғалымдардың жоғары рейтингті халықаралық басылымдарда жарияланған ғылыми жетістіктеріне ерекше назар аударылды.
Бұл зерттеулер — Бөкетов университетінің археологиялық мектебінің Орталық Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихын зерттеуге қосқан сүбелі үлесі.
Ғылым, тарих және ұлттық мұра университетпен біте қайнасып жатыр.
Жаңалықтар
АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ МҰРА — УНИВЕРСИТЕТ ЖЫЛНАМАСЫНДА!
Buketov University