Жаңалықтар

БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ МАГИСТРАНТЫ АЗИЯ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

1 мин. оқу
БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ МАГИСТРАНТЫ АЗИЯ РЕКОРДЫН ЖАҢАРТТЫ

Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің екінші курс магистранты Диас Кенжебек V Параазия ойындарында паражүзуден алтын медаль жеңіп алып, Азия рекордын жаңартты.
Шалқалап жүзуден 100 метр қашықтықта өткен S10 санатындағы финалда Диас 1 минут 1,98 секунд нәтижесін көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті. Осылайша, ол 1 минут 3,73 секундты құраған бұрынғы Азия рекордын жаңартып, жаңа белесті бағындырды.
Бұл – Диастың V Параазия ойындарындағы үшінші жүлдесі. Бұған дейін спортшы екі күміс медаль иеленген болатын.
Диас Кенжебекті жарқын жеңісімен және жоғары жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа рекордтар мен жеңіс тұғырынан көріне беруін тілейміз!