Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

1 мин. оқу
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

2026 жылғы 13–20 қазан аралығында академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің PhD, физикалық және аналитикалық химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры Болатбай А.Н. Баку мемлекеттік университетінде (Әзербайжан) ғылыми іссапарда болды.
Іссапар 26-ВГ-26 «Тұқымдарды инкрустациялауға арналған микроэлементтер мен биостимуляторларды бақыланатын жеткізу жүйелері ретіндегі биополимерлік композицияларды әзірлеу» ғылыми жобасы аясында жүзеге асырылды.
Сапар барысында Баку мемлекеттік университетінің зерттеушісі Нұрлан Амраховпен бірлесіп, биополимерлік композиттердің өсімдіктердің физиологиялық-биохимиялық көрсеткіштері мен стресске төзімділігіне әсері зерттелді.