20 қазан күні Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде белгілі публицист, жазушы Бигелді Ғабдуллинмен шығармашылық кездесу өтті.
Тағылымды кеште қаламгердің өмір жолы мен кәсіби қалыптасуы, журналистика саласындағы еңбегі, шығармашылық ізденістері мен қоғамдық қызметі кеңінен сөз болды.
Жиынға қатысушылар автордың кітаптарымен танысып, шығармаларының мазмұны мен негізгі идеялары, сондай-ақ өмірлік ұстанымдары жөнінде ой бөлісті.
Бигелді Ғабдуллиннің журналистік тәжірибесі мен қаламгерлік жолы – сөз өнеріне адалдықтың, ізденіс пен азаматтық жауапкершіліктің үлгісі. Оның шығармашылығы арқылы оқырман дәуір тынысын, қоғамдағы өзгерістерді және адам болмысына қатысты өзекті мәселелерді тереңірек пайымдай алады.
Басқосуда профессор-оқытушылық құрам мен студенттер қаламгерге сұрақтарын қойып, журналистика, әдебиет, шығармашылық еркіндік пен өмірлік құндылықтар төңірегінде пікір алмасты.
Шығармашылық кеш қатысушыларға танымдық ой салып, кәсіби тәжірибесі мол қаламгердің өмірлік және шығармашылық ұстанымдарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
Жаңалықтар
БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ БИГЕЛДІ ҒАБДУЛЛИНМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Buketov University