Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Филология факультетінде Түркияның Кастамону университетінің профессоры Orhan Söylemez студенттерге дәріс оқыды.
Дәріс барысында профессор өз зерттеулері мен ғылыми тәжірибесіне тоқталып, түркі тілдері мен әдебиетін зерттеудің өзекті мәселелері жөнінде ой бөлісті. Білім алушылар халықаралық ғылыми тәжірибемен танысып, түркітану саласына қатысты білімдерін толықтыруға мүмкіндік алды. Кездесу түркітану саласындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, түркі халықтарының тілдік, әдеби және мәдени мұрасын зерттеу бағытындағы халықаралық академиялық байланысты дамытуға мүмкіндік берді.
Осындай кездесулер отандық және шетелдік ғалымдар арасындағы академиялық байланысты нығайтып, студенттердің ғылыми ізденіске деген қызығушылығын арттыруда маңызды рөл атқарады.
Жаңалықтар
ТҮРКИЯЛЫҚ ҒАЛЫММЕН КЕЗДЕСУ
Buketov University