Жаңалықтар

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ QS STARS АУДИТІНІҢ ЖОҒАРЫ БАҒАСЫ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ QS STARS АУДИТІНІҢ ЖОҒАРЫ БАҒАСЫ
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті халықаралық QS Stars аудитінің қорытындысы бойынша 4 жұлдызға ие болды.
Университет қызметін бағалау 9 индикатор бойынша жүргізілді, бұл ретте бірден 6 бағыт бойынша университет ең жоғары баға — 5 жұлдыз алды:
⭐ оқыту;
⭐ жаһандық өзара әрекеттесу;
⭐ түлектерді жұмысқа орналастыру;
⭐ тиімді басқару;
⭐ әртүрлілік, теңдік және инклюзия;
⭐ шығармашылық.
Аудит нәтижелері университеттің білім беру қызметінің жоғары деңгейін, оның халықаралық ашықтығын, тиімді басқарылуын және заманауи, қолжетімді әрі инклюзивті білім беру ортасын құруға деген ұмтылысын растайды.
QS Stars жүйесіндегі 4 жұлдыз — бұл маңызды нәтиже және университет білім беру сапасын арттыру мен халықаралық академиялық кеңістіктегі өз позициясын нығайту бағытында жүйелі түрде жұмыс істеп жатқанының дәлелі.