19 қазанда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетіне «Елдос» қоғамдық қорының делегациясы келді.
Кездесудің негізгі тақырыптары:
- Білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту;
- Университетте корей тілін оқытудың перспективалары;
- Корея Республикасының жоғары оқу орындарымен серіктестік байланыстар орнату.
Делегация құрамында:
Сонг Джан Хун — «Елдос» қоғамдық қорының президенті;
Корей тілі оқытушылары;
Пак Нина — аудармашы.
Оқыту форматтары мен білім беру мүмкіндіктері
Кездесу барысында корей тілін оқытуды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, төмендегідей мүмкіндіктер қарастырылды:
Шет тілдері факультетінде корей тілін екінші шет тілі ретінде оқыту;
Корей тілі мен мәдениетін үйренуге қызығушылық танытатын барлық студенттер үшін факультативтік сабақтар ұйымдастыру.
Оқу үдерісін ұйымдастыруға, білікті оқытушыларды тартуға және оқытудың оңтайлы форматтарын таңдауға ерекше назар аударылды. Қатысушылар тілдік дайындықты кеңейту және мәдениетаралық коммуникацияны дамыту студенттердің академиялық әрі кәсіби өсуіне жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
Халықаралық ынтымақтастық және бағдарламалар
Сонымен қатар Корея Республикасының жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылды дамыту перспективалары талқыланды:
Тәжірибе алмасу және бірлескен білім беру бастамаларын жүзеге асыру;
Білікті мамандар даярлауға жәрдемдесу;
KOICA бағдарламасын қоса алғанда, халықаралық білім беру бағдарламаларына қатысу.
Бұл бағытты дамыту студенттерге тілдік құзыреттерін жетілдіруге, Кореяның бай мәдениеті мен дәстүрлерімен жақынырақ танысуға, сондай-ақ халықаралық жобалар мен академиялық алмасу бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік береді.
Сапар қорытындысы бойынша тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылық танытып, бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді.
Ортақ бастамалар Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы білім беру және мәдени байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ!
Жаңалықтар
БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КОРЕЙ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Buketov University