2026 жылғы 17 қазанда академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің заң факультетінің командасы «KAZAKHSTAN PREVENTION DAYS: Құқық бұзушылықтардың алдын алудағы жасанды интеллект» атты іс-шараға қатысты.
Іс-шараның ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы ІІМ Басқару академиясы және Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) өкілдігі.
Қорытынды кезең 2026 жылғы сәуір айында Алматы қаласында басталған жастар жобаларын конкурстық іріктеудің жалғасы болды.
Команда құрамында СПД тобының студенттері А. Нурмагамбетова мен А. Идрисова заң факультетінің қылмыстық құқық, процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы Мадина Гайратовна Альбекова ғылыми-педагогикалық жетекшілігімен әзірленген «Unity Force – Мәтіндік квест форматындағы интерактивті ойын» жобасын ұсынды.
Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша заң факультетінің жобасы «Үздік жастар жобасы» номинациясында жоғары бағаланды!
Бұл жетістік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жасанды интеллект технологияларын қолдану саласындағы заманауи шешімдерді іздеуге бағытталған студенттер мен оқытушылардың бірлескен ғылыми-практикалық жұмысының маңыздылығын көрсетеді.
Осындай деңгейдегі іс-шараға қатысу білім алушылардың зерттеушілік құзыреттерін дамытуға, инновациялық ойлау қабілетін қалыптастыруға және заңгерлік білім берудің практикалық бағыттылығын нығайтуға ықпал етеді.
А. Нурмагамбетова мен А. Идрисова, сондай-ақ олардың ғылыми жетекшісі Мадина Гайратовна Альбекова лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!
Командаға алдағы уақытта толағай табыс, жаңа кәсіби жетістіктер және заң ғылымын дамытуға, құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесін жетілдіруге әрі инновациялық технологияларды енгізуге үлес қосатын перспективалы бастамаларды табысты іске асыруды тілейміз!
Жаңалықтар
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ЖОБАСЫ KAZAKHSTAN PREVENTION DAYS ІС-ШАРАСЫНДА «ҮЗДІК ЖАСТАР ЖОБАСЫ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША МАРАПАТТАЛДЫ!
Buketov University