Жаңалықтар

ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН МЕРЕКЕ!

1 мин. оқу
ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН МЕРЕКЕ!

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Студенттер сарайында Республика күніне орай Қазақ ұлттық хореография академиясы мерекелік гала-концерт ұйымдастырды.
Орталық Азиядағы хореографиялық өнер саласында көпдеңгейлі білім берудің толық циклін жүзеге асыратын алғашқы бірегей оқу орнының шығармашылық ұжымы көрермендерге жоғары деңгейдегі өнер үлгілерін ұсынды.
Гала-концерт бағдарламасы талантты орындаушылардың басын қосып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары сахнада өнер көрсетіп, өз шеберліктерін паш етті.
Іс-шара соңында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Басқарма Төрағасы - Ректор м.а. Басқарма мүшесі, Академиялық мәселелер бойынша проректор
М.М. Умуркулова Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нұрғалиевна Нүсіпжановаға алғыс хат табыстады. Сонымен қатар академия ұжымына шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен шабыт тіледі.
Мерекелік концертте өнер көрсеткен әртістер көрерменнің ерекше ықыласына кенелді. Республика күні — ұлттық бірегейлігімізді ұлықтап, ортақ құндылықтарымызды дәріптейтін маңызды мереке. Еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын болуы — халық бірлігі мен ынтымағының жемісі!