Жаңалықтар

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

1 мин. оқу
ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

2026 жылғы 15 қазанда Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті РММ басшысы Қызылов Мирлан Ахмедиевич пен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің заң факультетінің өкілдері: факультет деканы Рысмағамбетова Гүлнара Мусиевна және мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі Бирманова Аксункар Исланбековна арасында кездесу өтті.
Кездесу Ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында ұйымдастырылып, университет пен сот әкімшілігі органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, практикалық бағдарланған оқытуды дамытуға және болашақ заңгерлердің кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталды.
Кездесу барысында одан әрі ынтымақтастық орнату, кәсіби тәжірибе алмасу және практик-мамандарды білім беру үдерісіне тарту перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, Сот әкімшілігі департаментінің базасында мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының филиалын ашу, сондай-ақ «Заң үстемдігі» студенттік клубының қызметін ұйымдастыру бастамаларына ерекше назар аударылды.
Аталған бастамаларды іске асыру білім алушылардың практикалық даярлық мүмкіндіктерін кеңейтуге, теориялық білім мен кәсіби қызмет арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ болашақ заңгерлердің құқықтық мәдениеті мен кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Академиялық білім мен практикалық тәжірибені ұштастыра отырып, білікті заң кадрларын даярлаудың жаңа мүмкіндіктерін қалыптастырамыз!