Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ РУХ. ЭТНО-МӘДЕНИЕТ. БІРТҰТАС УНИВЕРСИТЕТ!

ҰЛТТЫҚ РУХ. ЭТНО-МӘДЕНИЕТ. БІРТҰТАС УНИВЕРСИТЕТ!
12 тамыз күні академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің алаңында жоғары оқу орнына ұлттық мәртебесінің берілуіне бір жыл толуына орай жарқын мәдени іс-шара — этно-тимбилдинг өтеді.

Этно-тимбилдинг еліміздің бай мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік беретін ерекше алаң болмақ. Қатысушылар ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды тереңірек танып, олардың ерекше атмосферасын сезіне алады. Сондай-ақ университет ұжымының бірлік рухын нығайтуға мүмкіндік туады.

Журналистер іс-шара бағдарламасымен танысып, ұйымдастырушылармен, оқытушылармен және студенттермен сұхбаттаса алады. Фото және бейнематериалдар жинауға мүмкіндік туады. Бұл БАҚ өкілдеріне университеттің өмірімен біте қайнасқан асыл дәстүрлеріміздің көрінісін оқырман, көрермендерімен бөлісуге керемет мүмкіндік. Этно-тимбилдинг алаңында Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары да өнер көрсетеді.

Іс-шара ашық пікір алмасуға, мәдени қарым-қатынасты дамытуға және білім ордамыздың дәстүрлерін нығайтуға арналған тағы бір маңызды алаң болмақ.