Жаңалықтар

БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ
9 қазанда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «Экономика, білім беру, өндіріс: интеграция және дамудың стратегиялық басымдықтары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шара экономика ғылымдарының докторы, еңбек сіңірген профессор Роза Қабыкенқызы Андарованың 80 жылдық мерейтойына арналды.

Айтулы күні мерейтой иесін ғалымдар, әріптестері, шәкірттері мен жақындары құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Конференция қонақтары мен қатысушылары профессордың көпжылдық адал еңбегіне, экономикалық ғылымның дамуына және жоғары білікті мамандар даярлауға қосқан өлшеусіз үлесіне зор алғыс білдірді.
Конференцияның пленарлық отырысы барысында қатысушыларға Басқарма Төрағасы - Ректор м.а. Басқарма мүшесі, Академиялық мәселелер бойынша проректор
М.М. Умуркулова мен экономика факультетінің деканы Ерболсын Тұрсынұлы Ақбаев құттықтау сөз сөйледі.

Бұдан бөлек, Қазақстан, Қытай, Украина және Өзбекстандық жетекші ғалымдар мен сарапшылар баяндама жасап, ғылымды дамыту, кәсіпкерлік және жасанды интеллектіні бизнеске енгізу мәселелерін талқылады.

Конференция аясындағы секциялық жұмыстар үш бағыт бойынша ұйымдастырылды. Қатысушылар экономиканың стратегиялық басымдықтарын, цифрлық ортадағы менеджмент пен маркетингті, сондай-ақ заманауи қаржы жүйелері мен есеп жүргізу мәселелерін қарастырды.
Конференция гибридті форматта өтті. Қатысушылар ғылыми пікірталастарға офлайн және онлайн режимінде қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Конференцияның қорытынды бөлімінде баяндамашыларға, қонақтар мен ұйымдастырушыларға жемісті жұмысы және ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірілді!