Бүгін Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің ректоры Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков бастаған университет басшылығы Салтанат Алтайқызына көп жылғы адал еңбегі, кәсіби біліктілігі мен педагогика факультетінің өркендеуіне қосқан сүбелі үлесі үшін зор ризашылықтарын білдірді.
Салтанат Алтайқызы университет қабырғасындағы еңбек жолының өміріндегі ең ерекше кезеңдердің бірі болғанын атап өтті. Ол өзіне артылған сенім мен көрсетілген қолдау үшін шынайы алғысын жеткізіп, білім беру сапасын арттыруға, факультеттің әлеуетін нығайтуға бағытталған игі бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік берген университет басшылығына алғысын білдірді.
Сонымен қатар ұзақ жылдар бойы бір мақсат жолында бірге еңбек еткен әріптестеріне сыйластықтары, өзара түсіністігі мен ортақ іске деген жанашырлығы үшін жүрекжарды лебізін арнады.
Салтанат Алтайқызына зор денсаулық, отбасы амандығын, баянды бақыт пен алдағы өмір жолында толайым табыс тілейміз! Еңбегіңіздің жемісі әрдайым еселеніп, жаңа белестерге жетелей берсін!
Жаңалықтар
ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ САЛТАНАТ АЛТАЙҚЫЗЫ МҮЛІКОВАНЫҢ УНИВЕРСИТЕТТЕГІ ЕҢБЕК ЖОЛЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ БІР БЕЛЕСІ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Buketov University