Жаңалықтар

ТҮЛЕКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ: БУЫНДАР САБАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

1 мин. оқу
ТҮЛЕКТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ: БУЫНДАР САБАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

2 қазанда Заң факультетінде Түлектер қауымдастығын дамыту және оның жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша профессор-оқытушылар құрамының кездесуі өтті.
Кездесуге факультеттің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Кездесу барысында түлектермен өзара байланыс орнату, кәсіби серіктестікті нығайту және Қауымдастықтың алдағы жұмыс бағыттары талқыланды.
Түлектер қауымдастығы әр жылдардағы түлектерді біріктіріп, университетпен байланысты нығайтуға, кәсіби және академиялық ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік береді.
ПОҚ мен түлектердің бірлескен жұмысы университет қауымдастығын одан әрі нығайтып, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға жол ашады.