Жаңалықтар

БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

1 мин. оқу
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Нукушева А.А. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігіне барды.
Сапар барысында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы Әбеуова Айгүл Бектыбаевнамен кездесу өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы білім беру және ғылыми ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде:
қос дипломды білім беруді дамыту және бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру перспективалары;
екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту;
халықаралық білім беру бағдарламалары аясында білім алатын студенттердің құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау мәселелері;
бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында жоғары білім беру саласындағы одан әрі ынтымақтастық перспективаларына, жоғары оқу орындары арасындағы байланысты дамытуға, сондай-ақ Қазақстан мен Өзбекстан студенттері мен профессорлық-оқытушылық құрамына жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Кездесу білім беру және ғылым саласындағы Қазақстан–Өзбекстан ынтымақтастығының перспективалы бағыттарын талқылау және пікір алмасу үшін маңызды алаңға айналды.