Бүгін білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды.
Өтініштер 20 шілдеге дейін қабылданады:
университеттің қабылдау комиссиясы арқылы;
виртуалды қабылдау комиссиясы арқылы онлайн форматта;
eGov электрондық үкімет порталы арқылы.
Білім беру гранттары иегерлерінің есімдері 10 тамызға дейін жарияланады.
Бөкетов ұлттық зерттеу университетінде талапкерлерге бакалавриаттың 93, магистратураның 63, докторантураның 20 білім беру бағдарламасы ұсынылды. Оның ішінде еңбек нарығының сұранысына сай әзірленген 12 инновациялық білім беру бағдарламасы бар. Бұл – сапалы білім алып, кәсіби тұрғыдан дамуға мол мүмкіндік.
Болашағыңызға нық қадам жасап, жаңа білім мен тың мүмкіндіктерге жол ашатын уақыт келді. Buketov National University сізді қабылдау комиссиясында күтеді!
Жаңалықтар
БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ НАУҚАНЫ ЖАЛҒАСУДА
Buketov University