Бөкетов ұлттық зерттеу университеті әлемдік жоғары білім кеңістігіндегі беделді рейтингтердің бірі – Times Higher Education (THE) World University Rankings рейтингіне еніп, әлемнің үздік 2000 университетінің қатарына қосылды.
Бұл – университет тарихындағы елеулі белестердің бірі. Халықаралық деңгейдегі бағалаудан өту – білім сапасы, ғылыми-зерттеу жұмысы, академиялық орта, халықаралық байланыс пен университеттің даму бағытындағы жүйелі еңбектің нәтижесі.
Қазақстанның 42 жоғары оқу орны қамтылған биылғы рейтингте Бөкетов университеті әлемдік деңгейде өз орнын айқындады. Нәтижесі көрсетілген қазақстандық 10 университеттің қатарында оқу орнымыз 7-орынға ие болды.
Бұл көрсеткіштің артында университет ұжымының жылдар бойы қалыптасқан ғылыми және білім беру әлеуеті тұр. Ғалымдардың зерттеулері, оқытушылардың еңбегі, қызметкерлердің күнделікті жұмысы, студенттердің ізденісі – барлығы университеттің бүгінгі биігіне өз үлесін қосып келеді.
Бөкетов университетінің халықаралық деңгейдегі жаңа нәтижесі құтты болсын!
Білім мен ғылым жолындағы еңбегіміз еселеніп, университетіміздің биігі бұдан да асқақтай берсін!
Жаңалықтар
БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ – ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІ ҚАТАРЫНДА!
Buketov University