Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының кандидаты А.А. Нукушева 2026 жылдың 24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ташкент мемлекеттік заң университетінде 2–4 курс студенттеріне «Азаматтық құқық», «Меншік құқығы», «Міндеттемелік құқық», «Мұрагерлік құқық», «Отбасы құқығы» пәндері бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өткізуде.
Дәріс барысында студенттер азаматтық құқық саласындағы заманауи ғылыми және практикалық тәсілдермен танысып, халықаралық академиялық тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болуда.
Академиялық ұтқырлық екі университеттің оқытушылары арасында ғылыми-педагогикалық тәжірибе алмасуға, студенттердің білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге және халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
Жаңалықтар
АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Buketov University