Іс-шара
БӨКЕТОВ ҰЛТТЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒАЛЫМДАРЫ ҒЫЛЫМ ЖӨНІНДЕГІ САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫНА ШАҚЫРЫЛАДЫ
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан отандық ғылымды дамытуға және осы саладағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған Сарапшылар кеңесі құрылды.
Сарапшылық жұмысқа Бөкетов ұлттық зерттеу университетінің ғалымдары, зерттеушілері, профессор-оқытушылық құрамы, жас ғалымдары мен сала мамандары шақырылады.
Ұсыныстар ғылым саласындағы өзекті мәселелерді қамтуы мүмкін. Атап айтқанда:
ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;
ғылыми конкурстарды өткізу және сараптамалық бағалау;
ғылыми ұйымдардың материалдық-техникалық базасын дамыту;
ғылыми кадрларды даярлау және қолдау;
ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру және өндірісте қолданысқа енгізу.
Ұсыныстарда мәселені нақты айқындап, оны шешудің тиімді жолдарын, соның ішінде заңнамаға енгізілуі мүмкін өзгерістерді де негіздеу қажет.
Бастамаларды қалай жолдауға болады?
Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайтындағы «Қызметі» → «Сарапшылар кеңестері» бөліміне өтіп, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет.
Ұсыныстарды жолдау мерзімі – 2026 жылдың 20 қарашасына дейін.

Buketov University