Іс-шара

ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

Филология факультеті, №13 кеңейтілген дәрісхана
Құрметті кітап сүйер қауым!
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында және «Kitap life» оқырман клубының ұйымдастыруымен өтетін кезекті кездесуімізге шақырамыз! Бұл жолы біз сіздер үшін елімізге белгілі қаламгерлер мен тұлғалардың басын қосып отырмыз.
Қонақтар:
Тұрсынбек Әліұлы – журналист, жазушы, «Австралияда нең бар еді, құлыным?!» кітабының авторы.
Ұлан Еркінбай – белгілі қазақстандық ғалым, әдебиеттанушы, ахметтанушы, педагог.
Ұларбек Дәлейұлы – танымал қазақ ақыны, жазушы-тарихшы, зерттеуші, «Жошы хан», «Бату хан» кітаптарының авторы.
Күні: 20.11.2026 жыл
Уақыты: 14:30
Өтетін орны: Филология факультеті, №13 кеңейтілген дәрісхана
Барлық қазақ әдебиеті мен руханият жанашырларын асыға күтеміз!