Іс-шара

"ТІЛТАНУДАҒЫ ТҰЛҒАЛАР" АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2026 жылдың 25 қарашасында академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті филология факультетінде қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, профессор Шара Мажитаеваның 75 жылдық мерейтойына арналған «Тілтанудағы тұлғалар» атты дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелге ғалымдар, мамандар, докторанттар мен магистранттар және студенттер шақырылады.
Дөңгелек үстелде қазақ баспасөзінің тілі және публицистикалық стиль мәселелері, Алаш зиялылары және қазақ әдеби тілінің қалыптасуы мен даму заңдылықтары, қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалдық стильдері мәселелері талқыланады.
Дөңгелек үстелдің жұмыс тілі: қазақ, орыс
Өтетін орны мен уақыты: Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті, бас ғимарат, Ғылыми кеңестің мәжіліс залы (Университет көшесі 28, 1-қабат), 25 қараша сағат 14:00.
Өту форматы: онлайн, офлайн.
Дөңгелек үстелге қатысу үшін 2026 жылдың 20 қарашасына дейін өтінім білдіріп, мақаланы электронды пошта арқылы жіберу керек.
Көрсетілген мерзімнен кешіккен немесе талапқа сай келмейтін материалдарды ұйымдастыру комитеті жинаққа қоспауға құқылы. Мақала мазмұнына автор жауапты. Ұйымдастырушы тарап мақалаларды іріктеу арқылы жинаққа енгізеді. Дөңгелек үстелге жіберілген материалдарды қабылдайтын комиссияның электронды мекен-жайы: aidana.kapanova.91@mail.ru