Buketov University

Әкімшілік қызметтер

Контакты административных подразделений, ответственные сотрудники и информация о работе служб университета.

Бөлімдер: 31
Академиялық жұмыс департаментінің директоры Хасенова Тогжан Муратовна 8(7212) 35-64-34
Хасенова Тогжан Муратовна
Жауапты тұлға

Хасенова Тогжан Муратовна

Академиялық жұмыс департаментінің директоры

Бөлім туралы

Академиялық жұмыс департаменті бакалавриатта, магистратура мен докторантурада білім беру процесін жоспарлайды, ұйымдастырады және бақылайды, білім беру инновацияларын енгізеді, білім беру бағдарламаларын жобалауға және оларды әдістемелік сүйемелдеуге жәрдемдеседі, білім алушылар контингентінің қозғалысын, олардың оқу жетістіктерін тіркейді.

Департамент құрамына Білім алушылармен жұмыс қызметі, Қашықтықтан оқыту орталығы, Практика бөлімі, Мансап бөлімі, Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығы кіреді.

Білім алушылар Департаментке білім беру бағдарламасына қайта қабылдану және ауысу, академиялық демалыс беру, стипендия тағайындау, стипендиялық бағдарламаларға қатысу және бос білім беру гранттарын бөлу конкурсына қатысу, практикадан, тағылымдамадан өту және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша жүгіне алады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 219,217

Тел:+7 7212 35-64-76
Тел:+ 7 7212 35-64-94

Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Шошаев Жанқозы Сарсенұлы тел.: 87212 90-85-14
Шошаев Жанқозы Сарсенұлы
Жауапты тұлға

Шошаев Жанқозы Сарсенұлы

Ақпараттық қауіпсіздік бөлімінің басшысы

Бөлім туралы

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 118

Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар орталығының басшысы Сулейменов Арман Габдуалиевич 8(7212) 90-02-70, ішкі: 10-10
Сулейменов Арман Габдуалиевич
Жауапты тұлға

Сулейменов Арман Габдуалиевич

Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар орталығының басшысы

Бөлім туралы

Орталық ақпараттық жүйелерді енгізуді жүзеге асырады, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлейді, желілік және серверлік инфрақұрылымды қолдауды жүзеге асырады, компьютерлік және көшіру техникасының жөндеу-профилактикалық жұмыстарын жүргізеді, мультимедиялық жабдықтың, IP-телефонияның, WI-FI желісінің, университет сайты мен порталдарының жұмысын сүйемелдейді.

Университеттің цифрлық экожүйесі аясында бағдарламалық модульдерді әзірлеу, компьютерлік техника мен мультимедиялық жабдықтың жұмыс қабілеттілігін қолдау, Интернет желісіне қолжетімділік мәселелері бойынша Орталыққа жүгіне аласыздар.

Орталықтың құрылымына мыналар кіреді:
- желіні басқару және сүйемелдеу бөлімі;
- бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және сүйемелдеу бөлімі;
- техникалық Оқыту құралдары бөлімі;
- компьютерлік және офистік техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу бөлімі.

Академиялық мәселелер жөніндегі проректорға бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 103

Тел:+7 7212 90-02-70

Әкімшілік-шаруашылық департаменті МОЛДАБАЕВ АСЫЛБЕК СЕРІКҰЛЫ
МОЛДАБАЕВ АСЫЛБЕК СЕРІКҰЛЫ
Жауапты тұлға

МОЛДАБАЕВ АСЫЛБЕК СЕРІКҰЛЫ

Әкімшілік-шаруашылық департаменті

Бөлім туралы

Департамент университет инфрақұрылымының жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етеді, үй-жайлар мен аумақтарды тұрақты тазалауды, университет объектілерін жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады.

Департаменттің құрылымына: күрделі құрылыс және жөндеу басқармасы, қоғамдық тамақтану комбинаты, автономды жылыту станциясы, ботаникалық бақ, автогараж кіреді. Университеттің құрылымдық бөлімшелері департамент қызметкерлеріне техникалық қолдау алу қажеттіліктерімен жүгіне алады. Департамент университеттің Басқарма Төрағасы - Ректорына бағынады.

Университет көшесі, 28, бас ғимарат, № 120 кабинет тел.: +7 7212 35-60-87

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі департаменті директоры Мүбарак Сағыныш Мүбаракқызы +7 7212 35-64-14,
Мүбарак Сағыныш Мүбаракқызы
Жауапты тұлға

Мүбарак Сағыныш Мүбаракқызы

Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі департаменті директоры

Бөлім туралы

Департамент университеттің студенттер қауымымен жұмысты ұйымдастырады және мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын қамтамасыз етеді. Университет студенттерінің әлеуметтік мәселелерін шешуге, олардың шығармашылық, спорттық, азаматтық әлеуетін дамытуға ықпал етеді, Студенттер үйлерінде бос уақытты және тұруды ұйымдастыру мәселелеріне жетекшілік етеді.

Департамент құрамына Студенттер сарайы, Студенттер үйлері, Университет тарихы музейі, денсаулық сақтау пункті, рекреакциялық спорт орталығы кіреді.

Білім алушылар әлеуметтік сипаттағы мәселелер, әлеуметтік жобаларға қатысу, өзін-өзі басқару құрылымдарының жұмысы, еріктілер қозғалысы, студенттік құрылыс жасақтары, бос уақытты ұйымдастыру клубтары, студенттер үйлерінде тұру мәселелері бойынша Департаментке жүгіне алады.

Департамент әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректорға бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 104

tel.: +7 7212 35-64-14,

Әскери жұмылдыру және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Мұратбекұлы Дидар 8(7212)35-65-22
Мұратбекұлы Дидар
Жауапты тұлға

Мұратбекұлы Дидар

Әскери жұмылдыру және азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы

Бөлім туралы

Әскери жұмылдыру және азаматтық қорғаныс бөлімі білім алушылар мен қызметкерлер қатарынан әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алуды жүргізеді. Бөлім азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Бөлімге Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне әскерге шақыруды кейінге қалдыру, Қазақстан Республикасының қорғаныс істері жөніндегі аумақтық бөлімдеріне ұсыну үшін №3 нысан бойынша анықтама алу мәселелері, әскери есепке алуға байланысты өзге де мәселелер бойынша жүгіне аласыздар.

Бөлім Ректор аппаратының басшысына бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 123

 Тел:+7 7212 35-65-22

Баспа директоры Кобина Виктория Михайловна 8(7212)35-63-16
Кобина Виктория Михайловна
Жауапты тұлға

Кобина Виктория Михайловна

Баспа директоры

Бөлім туралы

Баспа университеттің ғылыми басылымдарына, конференция жинақтарына, кітаптарға түзету енгізеді, олардың баспа МемСт-қа сәйкестігін қамтамасыз етеді, кітап және басқа полиграфиялық өнімдердің дизайнын әзірлейді.

Баспаның баспаханасы әртүрлі полиграфиялық қызметтер түрін, баспа басылымдардың барлық түрлерін, техникалық редакциялауды жүзеге асырып, бланктік өнімдерді басады, сонымен қатар суреттер мен құжаттарға сканерлеу, ламинация, түптеу түрлерін орындайды.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 102

Тел:+7 7212 35-63-16

Баспасөз қызметінің басшысы Могай Светлана Григорьевна 8(7212) 35-65-54
Могай Светлана Григорьевна
Жауапты тұлға

Могай Светлана Григорьевна

Баспасөз қызметінің басшысы

Бөлім туралы

Баспасөз қызметі ақпараттандыруды жүзеге асырады, қоғаммен байланысты қамтамасыз етеді, университеттің имиджін қалыптастырады.

Баспасөз қызметіне сайтта, әлеуметтік желілерде, университеттің «Жастар әлемі. Мир молодёжи» газетінде ақпарат орналастыру мәселелері бойынша, сондай-ақ брифингтер мен баспасөз конференцияларын ұйымдастыру үшін хабарласа аласыздар.

Баспасөз қызметі Ректор аппаратының басшысына бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 127

тел.: +7  72 12  35-12-41

Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығы басшысы Нұрашқызы Мөлдір
Нұрашқызы  Мөлдір
Жауапты тұлға

Нұрашқызы Мөлдір

Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығы басшысы

Бөлім туралы

Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығы университетте мемлекеттік қызметтер мен университет қызметтерін көрсету үшін «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жұмыс істейді.

Орталық «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс атқарады. Бұл білім алушылар мен қызметкерлердің анықтамалар мен құжаттар алу кезіндегі уақытын үнемдейді.

Сіз «e.gov.kz электрондық үкімет» порталында қарастырылған мемлекеттік қызметтерді және соған байланысты кеңестер алу үшін Орталыққа жүгіне аласыздар. Атап айтқанда, университет жатақханасынан орын алуға өтінім бере аласыздар; университет ғимараттарына электронды рұқсаттаманы тіркете; түрлі құжаттар мен анықтамаларды сұрата аласыздар.

БҚҚО сайтына өту

Білім алушылар мен қызметкерлерге қызмет көрсету орталығы академиялық мәселелер жөніндегі проректорға бағынады.

Байланыс: Университет көшесі, 28, бас ғимарат, бірінші қабаттағы холл , ішкі 1081 тел.: +7  72 12  90-02-70
e-mail: COOS@karnu-buketov.edu.kz

Білім беру қызметін психологиялық қолдау орталығының басшысы ШИРИНБЕКОВА ЖАРКЫН АМАНГЕЛДИЕВНА
ШИРИНБЕКОВА ЖАРКЫН АМАНГЕЛДИЕВНА
Жауапты тұлға

ШИРИНБЕКОВА ЖАРКЫН АМАНГЕЛДИЕВНА

Білім беру қызметін психологиялық қолдау орталығының басшысы

Бөлім туралы

Білім беру қызметін психологиялық қолдау орталығы (ББҚПҚО) — талапкерлерге, студенттерге, университет түлектері мен қызметкерлеріне психологиялық қолдау көрсетеді, олардың тұлғалық және кәсіби дамуын қолдайды.

Психологиялық қолдау орталығы әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректорға бағынады.

Жұмыс уақыты: Дүйсенбі-жұма: 09:00-17:00, үзіліс 13:00-14:00. Сенбі: 09:00-15:00

Мекенжай: Университетская 28/1, №1 Студенттер үйі

Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы Жакупова Раушан Өміртаевна
Жакупова Раушан Өміртаевна
Жауапты тұлға

Жакупова Раушан Өміртаевна

Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы

Бөлім туралы

Бухгалтерия Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтік актілеріне сәйкес бухгалтерлік және салық есебін жүргізу жұмыстарын жүзеге асырады.

Бухгалтерияға жалақыны есептеу, стипендия, оқу ақысын төлеу және студенттер үйінде тұру, іссапар шығындарын төлеу мәселелері бойынша жүгіне аласыз.

Бухгалтерия қаржы директорына бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 204

тел.: +7 7212 35-64-23

Ғылым департаментінің директоры Қасымов Серік Сағымбекұлы
Қасымов Серік Сағымбекұлы
Жауапты тұлға

Қасымов Серік Сағымбекұлы

Ғылым департаментінің директоры

Бөлім туралы

Департамент университеттің ғылыми қызметін ұйымдастырады, ғылыми орталықтар мен зертханалардың жұмысына жетекшілік етеді, ғылыми инфрақұрылымның дамуына ықпал жасайды, ғылыми зерттеулерді коллаборациялау, бірлескен жобаларды іске асыру, ғылыми өнімдерді коммерцияландыру және оларды нарықта ілгерілету үшін серіктестер іздеуді жүзеге асырады.

Департаментқа ғылыми жобалар мен конференцияларға қатысу, ғылыми конкурстарға өтінімдер дайындау, патенттерді ресімдеу, зияткерлік меншік объектілерін мемлекеттік тіркеу, ғылыми өнімдерді коммерцияландыру және оларды сатып алу мәселелері бойынша жүгіне аласыздар.

Департаменттің құрамына ғылыми-техникалық әзірлемелерді коммерцияландыру үшін бизнес-тұжырымдамаларды, бизнес-жоспарларды және басқа да құжаттарды әзірлеуге көмектесетін «Технологиялар мен инновацияларды қолдау орталығы» (осы Кеңсенің қосымша бетіне сілтеме) кіреді.

Департамент университеттің Жас ғалымдар кеңесінің жұмысына жетекшілік етеді.

Департамент ғылыми жұмыс жөніндегі проректорға бағынады.

 тел:+7 7212 35-64-93,

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 233, 206

Ғылыми кітапхана директоры Абдыгулова Гаухар Куанышевна
Абдыгулова Гаухар Куанышевна
Жауапты тұлға

Абдыгулова Гаухар Куанышевна

Ғылыми кітапхана директоры

Бөлім туралы

Ғылыми кітапханада оқу және ғылыми әдебиеттің, мерзімді басылымдардың кітап және электрондық қоры бар. Ғылыми кітапхананың құрамына 8 каталог залы, 12 оқу залы, 8 электрондық ресурстар залы, сирек кітаптар залы, 8 әдебиет беру қызметі, сақтау орны кіреді.

Ғылыми кітапхана қызметінің жүйесіне әдебиет беру, дереккөздерді цифрландыру, белгілі бір тақырып бойынша дереккөздер, ғылымды қажетсінетін дерекқорлардан жоғары рейтингті журналдар іздеуге кеңес беру кіреді.

Оқырман картасын, электронды кітапханада жұмыс істеу паролін, қажетті оқулықтар мен оқу әдебиеттерін алу үшін ғылыми кітапханаға хабарласа аласыздар.

Ғылыми кітапхана академиялық мәселелер жөніндегі проректорға бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 308

 Тел:+7 7212 35-64-47

Заң басқармасының басшысы міндетін атқарушы ЖУНУСОВА НАЗЫГУЛЬ ЖЕТПИСБАЕВНА +7 72 12 35-63-39
ЖУНУСОВА НАЗЫГУЛЬ ЖЕТПИСБАЕВНА
Жауапты тұлға

ЖУНУСОВА НАЗЫГУЛЬ ЖЕТПИСБАЕВНА

Заң басқармасының басшысы міндетін атқарушы

Бөлім туралы

Заң басқармасы университет қызметін құқықтық қамтамасыз етумен айналысады. Басқарманың жұмысы университеттің сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардағы құқықтары мен заңды мүдделерін құқықтық қорғаумен, шарттық және талап-арыз жұмыстарын ұйымдастырумен байланысты.

Басқармаға құқықтық ақпарат алу, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, заңгерлік кеңес алу үшін жүгіне аласыздар.

Заң басқармасы Ректор аппаратының басшысына бағынады.

Кеңсе басшысы Әкімжанова Күлзия Маманқызы
Әкімжанова Күлзия Маманқызы
Жауапты тұлға

Әкімжанова Күлзия Маманқызы

Кеңсе басшысы

Бөлім туралы

Кеңсе сыртқы және ішкі құжаттаманың жедел логистикасын, университетке келіп түсетін сыртқы сұраныстардың (сұрау хаттардың) орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Кеңсе құрылымына университет архиві мен аудармашылар қызметі кіреді.

Кеңсеге университет басшылығына жолданатын жазбаша өтініштер, мақсатты хат-хабарлар алу, университет архивіне атаулы сұраныстар алу мәселелері бойынша хабарласа аласыздар.

Кеңсе Ректор аппаратының басшысына бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 227

 Тел:87212 35-63-98

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы БАРИКОВА АЛЁНА РУДОЛЬФОВНА
БАРИКОВА АЛЁНА РУДОЛЬФОВНА
Жауапты тұлға

БАРИКОВА АЛЁНА РУДОЛЬФОВНА

Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы

Бөлім туралы
Нет данных о сотруднике
Қаржы директоры ҚАУЫРОВА НАҒИМА МАҚСҰТҚЫЗЫ
ҚАУЫРОВА НАҒИМА МАҚСҰТҚЫЗЫ
Жауапты тұлға

ҚАУЫРОВА НАҒИМА МАҚСҰТҚЫЗЫ

Қаржы директоры

Бөлім туралы

Білім:

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ «Есеп және аудит» мамандығы 1999жыл 

Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бөлімінің жетекшісі Тунгишбеков Рустем Социалович
Тунгишбеков Рустем Социалович
Жауапты тұлға

Тунгишбеков Рустем Социалович

Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бөлімінің жетекшісі

Бөлім туралы

Бөлім еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жағдайларын бақылауды жүзеге асырады, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезінде кіріспе нұсқама өткізеді.

Бөлім Ректор аппаратының басшысына бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 124

 тел.: +77212 35-65-04

Қашықтықтан білім беру орталығының басшысы Жетімекова Гаухар Жеңісқызы 8(7212) 35-63-71
Жетімекова Гаухар Жеңісқызы
Жауапты тұлға

Жетімекова Гаухар Жеңісқызы

Қашықтықтан білім беру орталығының басшысы

Бөлім туралы

Цифрлық білім беру орталығы келесі қызметтермен айналысады: білім алушыларды цифрлық контентпен және ресурстармен қамтамасыз ету, Coursera платформасында білім алу негіздерін қалыптастыру, қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім алушылардың оқу үдерісін ұйымдастыру, жаппай ашық онлайн курстарды әзірлеу және қолданысқа енгізу және т.б.

Орталық академиялық жұмыс департаментінің құрамына кіреді.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 212

 тел.: +7 7212  35-63-71

Қызметкерлерді басқару басқармасының басшысы Абыласимов Мұрагер Настаевич
Абыласимов Мұрагер Настаевич
Жауапты тұлға

Абыласимов Мұрагер Настаевич

Қызметкерлерді басқару басқармасының басшысы

Бөлім туралы

Персоналды басқару қызметі университеттің кадрлық саясатын жүзеге асырады, қызметкерлерді таңдау жұмысын жүргізеді, олардың қызметін бағалауды ұйымдастырады, қызметкерлер контингентінің қозғалысы туралы құжаттарды рәсімдеуді қамтамасыз етеді.

Персоналды басқаруға жұмысқа орналасу, жұмыстан босату, мансаптық өсу, ішкі аттестаттау және конкурстық іріктеу мәселелері бойынша жүгіне аласыздар.

Персоналды басқару басқармасы Ректор аппаратының басшысына бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 228

 тел.: +7  72 12  35-63-96

Мансап бөлімінің басшысы Жумашева Ардак Батырбековна 8(7212)31-22-99
Жумашева Ардак Батырбековна
Жауапты тұлға

Жумашева Ардак Батырбековна

Мансап бөлімінің басшысы

Бөлім туралы

Мансап бөлімі өңір ұйымдарындағы бос орындар мониторингін жүзеге асырады және Мансап аптасын, жұмыс берушілердің презентацияларын өткізеді. Бөлімде жұмыс берушілер туралы деректер банкін қалыптастырады және бітіруші курстың білім алушылары туралы сауалнамалық ақпаратты жүйелейді.

Білім алушылар жұмысқа орналасу, түйіндеме дайындау, жұмыс берушімен сұхбаттан өту үшін психологиялық тренингтерге қатысу мәселелері бойынша Бөлімге жүгіне алады.

Жұмыс берушілер өз ұйымдарына маман немесе тағылымдамадан өтуші іздеу үшін бөлімге жүгіне алады, бітіруші курстың білім алушылары үшін мастер-класс өткізу туралы өтінім бере алады.

Бөлім бетіне өту

Мансап бөлімі Академиялық жұмыс департаментінің құрамына кіреді.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 113

тел.: +7 7212 31-22-99

Маркетинг және рекрутинг басқармасының басшысы Төлеуұлы Алмас +7 7212-35-63-17
Төлеуұлы Алмас
Жауапты тұлға

Төлеуұлы Алмас

Маркетинг және рекрутинг басқармасының басшысы

Бөлім туралы

Басқарма талапкерлер мен басқа да стейкхолдерлерді тартуға бағытталған маркетингтің заманауи әдістерін енгізуге ықпал етеді; ішкі және сыртқы ортада университеттің имиджін ілгерілетеді; білім беру қызметтері саласында отандық және шетелдік рекрутингтік агенттіктермен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.

Факультеттер талапкерлер тартудың тиімді әдістерін енгізуге және университет беделінің нығаюына қатысты, сондай-ақ университеттің Instagram әлеуметтік желісінде өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат орналастыру туралы бастамаларымен Басқармаға жүгіне алады.

Басқарма стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 310

Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Круглякова Татьяна Александровна 8(7212)35-65-26
Круглякова Татьяна Александровна
Жауапты тұлға

Круглякова Татьяна Александровна

Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы

Бөлім туралы

Бөлім мемлекеттік сатып алудың www.goszakup.gov.kz. web-порталы арқылы университеттің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.

Бөлім қаржы директорына бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 211

Ректор аппаратының басшысы Байгожина Гульнар Муратовна
Байгожина Гульнар Муратовна
Жауапты тұлға

Байгожина Гульнар Муратовна

Ректор аппаратының басшысы

Бөлім туралы

Ректор аппараты Басқарма Төрағасы – ректордың басқарушылық шешімдері мен тапсырмаларын тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, орындаушылық тәртіпті бақылауды жүзеге асырады, университет қызметкерлерімен өзара іс-қимыл процесінде ректордың ресми ұстанымын білдіреді.

2008 жылы университетті «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірді. 2008-2010 жылдар аралығында тарих факультеті магистратурасының күндізгі бөлімінде оқыды. 2021 жылы «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша PhD докторантурасын тәмамдады. 2022 жылы «Болашақ» университетінде оқыды. 2022-2024 жж. «Жас Ғалым» (Молодой ученый) грантының иегері – «Исследования в области социальных и гуманитарных наук» («Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер») басымдығы бойынша постдокторантура. Зерттеу тақырыбы – «Советская национальная политика и проблемы межэтнических отношений в Казахстане в 1945-1991 г.». (Бөкетов университеті). Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді, қытай, неміс тілдерін базалық деңгейде меңгерген.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 225

Стратегиялық даму және тәуекелдерді басқару департаменті директоры Тишмаганбетова Гульжан Скендыровна
Тишмаганбетова Гульжан Скендыровна
Жауапты тұлға

Тишмаганбетова Гульжан Скендыровна

Стратегиялық даму және тәуекелдерді басқару департаменті директоры

Бөлім туралы
Департамент университет қызметін стратегиялық жоспарлаудың тиімді жүйесін құруға, тәуекелдерді және олардың салдарын басқарудың кешенді жүйесін құруға қатысады; университетті институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу рәсімдерінен өту бойынша бөлімшелер мен кафедралардың қызметін үйлестіруді жүзеге асырады; QS WUR және QS Asia әлемдік рейтингісінде университет көрсеткішін ілгерілетуге ықпал етеді; сапаны бағалаудың әдістемелік құралдарын әзірлейді, университеттің сапа менеджменті жүйесінің тиімді жұмыс істеуіне ықпал етеді, білім беру процесіне қатысушылардың қанағаттанушылығын талдайды.
 
Университеттің стратегиялық міндеттерін іске асыру, тәуекелдерді басқару, аккредиттеу, әлемдік және ұлттық рейтингтерге қатысу, сапа менеджменті жүйесінің жұмыс істеуі, сондай-ақ сапа саясатын іске асыруда қолдау, білім алушылардың, оқытушылардың, түлектердің және жұмыс берушілердің әлеуметтік сауалнамаларының нәтижелері туралы талдамалық мәліметтер алу мәселелері бойынша Стратегиялық даму және тәуекелдерді басқару департаментіне жүгіне аласыз.
 
Департамент стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 224

 тел.: +7 7212 35-64-90

Студенттер сарайының директоры Бекова Индира Абусагитовна 8(7212) 35-64-24
Бекова Индира Абусагитовна
Жауапты тұлға

Бекова Индира Абусагитовна

Студенттер сарайының директоры

Бөлім туралы

Студенттер сарайы білім алушылардың шығармашылық және бос уақытын өткізу орталығы болып табылады. Онда 479 орындық концерт залы, жоғарғы және төменгі фойесі, дайындық бөлмелері, хореографиялық зал, костюм бөлмесі, дыбыс жазу студиясы бар. Сарайда университеттің шығармашылық ұжымдарының («Шығармашылық ұжымдар» қосымша бетіне сілтеме) дайындықтары мен қойылымдары, көрмелер, жәрмеңкелер мен шығармашылық жұмыстардың тұсаукесерлері, конкурстар мен фестивальдар, мерекелік іс-шаралар өтеді.

Студенттер сарайында «Дүйсенбі – Жұма» аралығында 9.00-ден 18.00-ге дейін және 18.00-ден 21.00-ге дейін жұмыс істейтін шығармашылық клубтарды ұйымдастырушылардың кеңсесі орналасқан.

тел: 35-64-24

Университет к-сі, 28, бас ғимарат

Студенттер үйінің директоры Жұман Бектас Бақытұлы 8(7212)90-02-73, ішкі: 11-53.
Жұман Бектас Бақытұлы
Жауапты тұлға

Жұман Бектас Бақытұлы

Студенттер үйінің директоры

Бөлім туралы

Қызмет Студенттер үйінде тұрумен байланысты тұрмыстық мәселелерді шешуде студенттерге көмек көрсетеді.

Егер сіз Студенттер үйінің бірінде тұрсаңыз, Қызметке жүгіне аласыз.

Студенттер үйінде тұруға орын алу үшін БҚҚО порталына online режимде өтінім беріңіз(БҚҚО-ға сілтеме).

Студенттер үйі туралы көбірек білу

Университет к-сі, 28/4,«Жастар орталығы» коворкинг-орталығы

Тәжірибе бөлімінің басшысы Животова Евгения Валерьевна 8(7212)31-22-99
Животова Евгения Валерьевна
Жауапты тұлға

Животова Евгения Валерьевна

Тәжірибе бөлімінің басшысы

Бөлім туралы

Тәжірибе бөлімі бөлімі білім алушыларға кәсіптік практика өтуіне және магистранттарға тағылымдамадан өтуіне жағдай жасайды.

Сіз болашақ жұмысқа тұрғылықты жер бойынша орналасу үшін сол кәсіпорыннан практикадан өтуге және магистранттардың ғылыми немесе өндірістік тағылымдамадан өту мәселелері бойынша Бөлімге жүгіне аласыз.

 Департамент директорына бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 113

тел: +7 7212 31-22-99

Тіркеуші кеңсенің басшысы Тян Ольга Алексеевна 8(7212) 35-64-24
Тян Ольга Алексеевна
Жауапты тұлға

Тян Ольга Алексеевна

Тіркеуші кеңсенің басшысы

Бөлім туралы

Кеңсе білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеуді жүзеге асырады, білім алушылардың жеке оқу жоспарларының орындалуын бақылайды, білім алушылардың оқу жетістіктерінің есебін жүргізеді, білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастырады, емтихан ведомостары мен транскриптерін ресімдейді.

Кеңсеге ресми және бейресми оқыту нәтижелерін қайта есепке алу, апелляция өткізу, жеке оқу жоспарларын, білім алушылардың академиялық рейтингісін қалыптастыру мәселелері бойынша жүгінуге болады.

Кеңсе академиялық мәселелер жөніндегі проректорға бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 214, 210, 108

Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Успанова Марьяна Валерьевна 8(7212)77-03-67
Успанова Марьяна Валерьевна
Жауапты тұлға

Успанова Марьяна Валерьевна

Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы

Бөлім туралы

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы университеттің шетелдік серіктестерімен жоғары білім, ғылыми зерттеулер және халықаралық бағдарламалар салаларындағы өзара іс-қимылын үйлестіреді және дамытады.

Негізгі қызмет бағыттары:

  • шетелдік білім беру және ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту;
  • академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысушыларға ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсету;
  • қызметкерлер мен білім алушылардың халықаралық білім беру бағдарламаларына, гранттарға және жобаларға қатысуына жәрдемдесу;
  • факультеттердің ынтымақтастық туралы шарттар жасасу, шетелдік дәріскерлерді шақыру, халықаралық алмасулар мен бірлескен зерттеулерге қатысу бастамаларын қолдау;
  • университет басшылығымен ресми кездесулер ұйымдастыру, ынтымақтастық бойынша ұсыныстарды ілгерілету және байланыс орнату мәселелері бойынша шетелдік серіктестермен өзара әрекеттесу;
  • шетел азаматтарына визалық және ұйымдастырушылық қолдау мәселелері бойынша кеңес беру;
  • университеттің академиялық және мәдени байланыстарын кеңейтуге бағытталған елшіліктермен, консулдықтармен, шетелдік жоғары оқу орындарының өкілдіктерімен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту.

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы стратегиялық даму жөніндегі проректорға бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 222

 тел.: +7 7212 35-60-35

Экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы Байгулина Жанна Антаевна
Байгулина Жанна Антаевна
Жауапты тұлға

Байгулина Жанна Антаевна

Экономикалық жоспарлау бөлімінің басшысы

Бөлім туралы

Бөлім университеттің қаржылық-шаруашылық қызметін жоспарлауды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін жасайды, ақылы қызмет құнын есептеуді жүзеге асырады.

Бөлім қаржы директорына бағынады.

Университет к-сі, 28, бас ғимарат № 208

 Тел:+7 7212 35-63-86