ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

КСРО және ҚазКСР Халық комиссарлар кеңесінің 1938 жылдың 9 мамырындағы №454/12 қаулысы негізінде Қарағанды қаласында ашылған екі жылдық мұғалімдер институтымен бірге, филология факультетінің де іргетасы қаланды. Факультет көп деңгейлі филологиялық білім ұсына отырып, педагогикалық, ғылыми-зерттеу, көркемдік-публицистикалық қызметті жоғары деңгейде жүзеге асыратын білікті қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ және ағылшын тілдері, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін, филолог мамандарды және журналистер мен баспасөз хатшыларын дайындайды.  Бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламасы жүзеге асырылуда. Факультетте С.Сейфуллин атындағы Balausa студент-жастардың шығармашылық орталығы, оқу үдерісіне қажетті мультимедиялық құралмен жабдықталған заманауи кабинеттер, электронды ресурстар залы, компьютерлік сыныптар, көркем және ғылыми бай әдебиет қоры бар заманауи  кітапхана жұмыс істейді.

 

Факультет құрылымы:

Факультет құрылымына 5 кафедра және 1 ғылыми зерттеу институты кіреді:

– Қазақ тіл білімі кафедрасы

– Қазақ әдебиеті кафедрасы

– Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасы

– Профессор Ғ.Ә. Мейрамов  атындағы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

– Журналистика кафедрасы

– «Қазақ халқының рухани мұрасын зерттеу институты».

Сонымен қатар журналистика кафедрасының қарамағында оқу телевизиясы, Buketov Radio бар.

 

Білім беру бағдарламалары:

Бакалавриат:

6B01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті (4 ж., 3 ж.)

6B01702 - Қазақ және ағылшын тілдері

6B01703 - Орыс тілі мен әдебиеті (4 ж., 3 ж.)

6B01706 - Орыс мектептерінде оқытпайтын орыс тілі мен әдебиеті

6B01707 - Орыс және орыс емес тілдерде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (IP)

6B01710 - Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)

6B02305 - Филология (қазақ тілінде)

6B02306 - Филология (орыс тілінде)

6B03201 - Журналистика

6B03202 - Қоғаммен байланыс»

Магистратура:

7M01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

7M01702 - Орыс тілі мен әдебиеті

7M02302 - Қолданбалы филология

7M03201 - Журналистика

PhD докторантура:

8D01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

8D02301 - Филология

 

Оқытушылар:

Факультетте 81 оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде докторлар, кандидаттар мен ғылым магистрлері, «ЖОО-ның үздік оқытушысы» республикалық атағының иегерлері, ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаттары, дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаттары, ҚР Жазушылар Одағының, ҚР Журналистер Одағының мүшелері бар.

 

Білім алушылар:

Факультет студенттерінің контингенті – 1480 адам, оның 1000-нан астамы мемлекеттік білім гранты есебінен оқиды. Факультетке жылына 300-ге жуық адам түседі. Студенттер қатарында Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Түркменстан азаматтары бар. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша студенттеріміз Қазақстанның және шетелдің ЖОО-мен алмасып оқуда.

 

Жұмыспен қамту:

Факультеттің түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие, олардың орта есеппен 80-85%-ы  аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасады.

 

Серіктестер:

Факультет Польша, Болгария, Чехия, Түркия, Германия, Ресей, Беларуссия, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа елдердің жетекші ғылыми орталықтарымен үнемі ғылыми байланыс орнатады, сонымен қатар әртүрлі дәрежедегі ғылыми конференциялардың ұйымдастырушысы және қатысушысы болып табылады.

 

Диссертациялық кеңес:

Факультетте 8D02301 - «Филология» (2019 жылы ашылды), 8D01701 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» (2023 жылы ашылды) білім беру бағдарламасы бойынша философия докторын (PhD) даярлайтын 2 диссертациялық кеңес жұмыс істейді.

 

Түлектер:

Әлтаев Аманжол Дүйсенбайұлы - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ақын, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты;

Доскенов Талғат Қазкенұлы - «Атамекен» ҰКП Адам капиталын дамыту және әлеуметтік кәсіпкерлік саясаты жөніндегі комитеттің төрағасы;

Майбас Төрехан Әкімжанұлы - жазушы, этнограф, Қарағанды облысының Құрметті азаматы;

Мамраев Бейбіт Баймағамбетұлы - қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты;

Қажыбек Ерден Задаұлы - қоғам қайраткері, Халықаралық Түркітану орталығының президенті;

Құсайын Ерлан Бейсембайұлы - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының әкімі;

Тойжігітов Әли Мұсалиұлы - Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстанның мәдениет қайраткері, ҚР Ақпарат саласының үздігі;

Шаталов Никита Сергеевич - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты.