ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

Тарихы:

Шетел тілдері факультеті өңірлік және республикалық шетел тілдік білім беру жүйесінде жетекші орындардың бірін заңды түрде иеленіп келеді. Оның тарихы 1991 жылдан бастау алады, осы жылы филология факультетінің құрамында шетел тілдері бөлімі ашылған болатын. Алғашқы қабылдау «Неміс тілі» мамандығы бойынша 20 білім алушыдан тұрды. 1990-жылдары қоғам мен кәсіби ортада шетел тілдерін меңгерген мамандарға деген сұраныстың қарқынды артуына байланысты кадр даярлау аясын кеңейту қажеттілігі туындады. Осы жағдай 1994 жылы шетел тілдері бөлімін дербес «Шетел тілдері факультетіне» айналдыруға негіз болды. Шетел тілдері факультетінің алғашқы деканы филология ғылымдарының докторы, профессор Букетова Н.И. болып, факультеттің академиялық дәстүрлерінің берік негізін қалады. Факультеттің қалыптасуы мен тұрақты дамуына педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жетписбаева Б.А. зор үлес қосты. Ол факультетті 1998–2019 жылдар аралығында басқарып, осы кезеңде факультет білім беру және ғылыми орталық ретінде өз ұстанымын нығайтты, жоғары беделге ие болып, бәсекеге қабілетті мамандар даярлайтын алаңға айналды. 2019–2025 жылдар аралығында факультетті педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Тлеужанова Г.К. басқарды. Оның жетекшілігімен факультеттің академиялық дәстүрлері одан әрі дамытылып, ғылыми әлеуеті күшейтілді және халықаралық ынтымақтастық аясы кеңейтілді. Факультеттің негізін қалауда көрнекті оқытушылар мен ғалымдар тұрды: доцент Тен В.О., филология ғылымдарының кандидаты, профессор Какжанова Ф.А., аға оқытушылар Жанкина Б.Ж., Кагазбаев Ж.А., Турумбетова Л.А. , Джангунакова Р.Ж., Росоха И.В. Әр жылдары факультет кафедраларын филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ф.А. Какжанова Ф.А., филология ғылымдарының докторлары, профессорлар Мажитаева Ш.М., Исина Г.И., филология ғылымдарының кандидаты Жакыпова С.Х., филология ғылымдарының кандидаты Мажит З.М., педагогика ғылымдарының кандидаты Копжасарова У.И., доктор (PhD) Шелестова Т.Ю., педагогика ғылымдарының кандидаты Утеубаева Э.А., доктор (PhD) Шайхызада Ж.Г., доктор (PhD) Китибаева А.К., сондай-ақ доценттер Кагазбаев Ж.А., Нуржанова М.У., Аязбекова Б.К. басқарды. Шағын, бірақ ұйымшыл ұжым ұйымдастырушылық қиындықтарды табысты еңсеріп, болашағы зор, серпінді дамып келе жатқан факультеттің берік негізін қалады. Оқытушылар: Оқу үдерісін «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында, сондай-ақ оқытылатын тілдер елдерінде академиялық алмасу арқылы кәсіби тағылымдамадан өткен жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы қамтамасыз етеді. Факультетте ғылым докторлары мен докторлар (PhD), ғылым кандидаттары, магистрлер еңбек етеді. Олардың ішінде республикалық деңгейдегі «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағының 8 иегері бар, бұл оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейінің ұлттық деңгейде мойындалғанын айқындайды. Факультеттің негізгі дәстүрлерінің бірі – АҚШ, Германия, Франция, Қытай, Түркия және басқа да елдерден шетелдік оқытушылар мен лекторларды тұрақты түрде тарту. Студенттер: Соңғы жылдары білім алушылар контингенті 1000-нан астам адамды құрайды, оның ішінде «Алтын белгі» иегерлері, білім беру грантының иегерлері. Факультетте Қазақстанның түрлі аймақтарынан келген студенттермен қатар Қытай, Ресей, Өзбекстаннан келген шетелдік студенттер де білім алуда. Білім алушылар контингентінің жыл сайынғы өсуі, сондай-ақ еңбек нарығында түлектердің талап етілу көрсеткіші байқалады. Түлектердің 70%-дан астамы диплом алғаннан кейінгі алғашқы үш айда оңай жұмыс табады. Білім беру бағдарламалары: Факультеттің алғашқы түлектері 1996 жылы білім алып шығып, «Неміс тілі» және «Ағылшын тілі» мамандықтары бойынша барлығы 63 түлек даярланды. Кейінгі жылдары факультет білім беру, ғылым және халықаралық коммуникация салаларының сұраныстарына уақтылы жауап бере отырып, білім беру бағдарламаларының желісін тұрақты түрде дамытып отырды. Факультеттің дамуына байланысты жаңа даярлау бағыттары ашылып, көпдеңгейлі білім беру моделі енгізілді: 1991 ж. – Неміс тілі 1992 ж. – Ағылшын тілі 1996 ж. – Француз тілі 1999 ж. – Шетел филологиясы (ағылшын және неміс филологиясы) 2001 ж. – Француз филологиясы 2001 ж. – Аударма ісі 2012 ж. – Қытай филологиясы 2006 жылдан бастап факультет келесі мамандықтар бойынша магистрлер даярлауды бастады: 2006 ж. – Шетел тілі: екі шетел тілі 2009 ж. – Шетел филологиясы 2024 ж. – Лингвистикадағы аударма және SMART-технологиялар 2014 жылы «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша докторантура ашылып, бұл факультеттің ғылыми мектебін дамыту мен университеттің зерттеу әлеуетін нығайтудағы маңызды кезеңге айналды. Қазіргі уақытта факультет халықаралық академиялық және кәсіби орта талаптарына бағдарланған заманауи білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда. Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары: • 6B01705 – Шетел тілі: екі шетел тілі • 6B01708 – Ағылшын тілі (IP) • 6B01709 – Шетел тілдері (IP) • 6B02303 – Шетел филологиясы • 6B02301 – Аударма ісі Магистратураның білім беру бағдарламалары: • 7M01703 – Шетел тілі: екі шетел тілі • 7M02303 –Лингвистикадағы аударма және SMART-технологиялар • 7M02303 – Шетел филологиясы Докторантураның білім беру бағдарламасы: • 8D01702 – Шетел тілі: екі шетел тілі Академиялық ұтқырлық: Факультет халықаралық серіктестікті жүйелі түрде дамытып, академиялық ықпалдастықты нығайтуға және білім алушылардың кәсіби көкжиегін кеңейтуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асырады. Жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімшарттар жасалған. Бүгінгі таңда студенттер мен магистранттар академиялық ұтқырлық аясында АҚШ, Германия, Испания, Польша, Чехия, Франция, Қытай, Ресейдің жетекші университеттерінде білім алып, алмасу бағдарламалары мен тағылымдамаларға қатыса отырып, тілдік, кәсіби және мәдениетаралық құзыреттіліктерін жоғары деңгейде қалыптастыруда. Диссертациялық кеңес: Шетел тілдері факультеті жоғары ғылыми мәртебеге және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлаудың орнықты дәстүрлеріне ие. Бұған «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша диссертациялық кеңестің жұмыс істеуі айқын дәлел бола алады. Аталған кеңес факультеттің ғылыми мектебін дамытуға және жоғары білікті, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға ықпал етеді. Аккредиттеу және көшбасшылық: Факультеттің бағдарламалары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттікпен аккредиттелген. Олар жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингтерінде жоғары орындарға ие: бакалавриаттың 3 бағдарламасы: «Аударма ісі», «Шетелдік білім алушыларға арналған орыс тілі», «Шетел филологиясы»; магистратураның 2 бағдарламасы «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Шетел филологиясы» білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің нұсқасы бойынша үздік үштікке кірді; «Шетел тілі: екі шетел тілі», «Шетел филологиясы» бағдарламалары «Атамекен» жұмыс берушілерінің рейтингінде жоғары бағаланды. Жобалар: Факультет ғылыми-зерттеу қызметін белсенді түрде дамытып, академиялық дәстүрлер мен лингводидактика, мәдениетаралық коммуникация және білім беру инновацияларының заманауи бағыттарын ұштастырады. Факультеттің ғылыми жұмысы ғылыми мектептердің сабақтастығы, зерттеулердің жүйелілігі және алынған нәтижелердің практикалық бағыттылығы қағидаттарына негізделген. Бұл өз кезегінде ғылыми әлеуеттің орнықты дамуын қамтамасыз етіп, білім алушылар мен оқытушылар арасында зерттеу мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді. Ғылыми беделдің қалыптасуы мен нығаюында факультеттің жетекші ғалымдары жүзеге асырып отырған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранттық жобаларын, сондай-ақ университеттік гранттық жобаларды табысты басқару тәжірибесі ерекше маңызға ие. Зерттеу дәстүрлерінің дамуына факультеттің танымал ғалымдары – профессор Жетписбаева Б.А., профессор Исина Г.И., профессор Букетова Н.И., профессор Тлеужанова Г.К., профессор Какжанова Ф.А. елеулі үлес қосты. Олардың жетекшілігімен шетел тілдік және филологиялық білім беруді жаңғыртуға, заманауи педагогикалық технологияларды енгізуге, болашақ мамандарды даярлаудың ғылыми-әдістемелік базасын дамытуға бағытталған ғылыми бастамалар жүзеге асырылды. Сонымен қатар факультет ғылыми құрамды жаңартудың тұрақты динамикасын және жас зерттеушілерді қолдаудың белсенді жүйесін көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда ғылыми мектептердің жалғастырушылары – өзекті ғылыми жобалар мен зерттеулерге жетекшілік етіп жүрген жаңа буын ғалымдары. Олардың қатарында профессор Саржанова Г.Б., қауымдастырылған профессор Шелестова Т.Ю., қауымдастырылған профессор Смагулова Г.Ж. бар. Аталған ғалымдардың ғылыми қызметі факультеттің инновациялық білім беру кеңістігін дамытуға, цифрлық технологияларды интеграциялауға және педагогикалық ғылымдағы пәнаралық тәсілдерді кеңейтуге бағытталған стратегиялық бағытын айқындайды. Серіктестер: Факультет академиялық алмасу мүмкіндіктерін кеңейту және бірлескен бастамаларды дамыту мақсатында жетекші халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Серіктестер қатарында DAAD, Goethe-Institut, Француз Альянсы, Британдық Кеңес, Қазақстандағы Франция Елшілігі жанындағы Лингвистикалық орталық және басқа да ұйымдар бар. Ынтымақтастық аясында шетелдік ғалымдардың қонақ дәрістері, бірлескен ғылыми зерттеулер мен академиялық жобалар жүзеге асырылады. Түлектер қауымдастығы: Факультет қызмет еткен жылдар ішінде еңбек нарығының және өңірлік, республикалық білім беру саясатының заманауи талаптарына сай келетін 5000-нан астам маман даярлады. Олардың қатарында мектеп мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, филологтар, аудармашылар бар. Әр жылдары факультет түлектері арасында Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай, Түркия, Италия азаматтары білім алды. Факультет түлектері Қазақстанның барлық өңірлерінде, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде табысты еңбек етуде. Олар педагог, жоғары мектеп оқытушысы, аудармашы, халықаралық деңгейдегі маман ретінде өз кәсіби жолын жалғастырып, АҚШ, Германия, Франция елшіліктерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық өкілдіктерде қызмет атқаруда. Факультеттің дәстүрі мен бірегей құндылықтарының бірі – түлектермен байланысты жүйелі түрде сақтау. 2006 жылы құрылған Шетел тілдері факультетінің түлектер қауымдастығы бүгінде 1000-нан астам мүшені біріктіреді. Қауымдастық еріктілік пен теңқұқылық қағидаттары негізінде жұмыс істеп, факультеттің кәсіби қауымдастығын нығайтуға, студенттік бастамаларды қолдауға және түлектер беделін арттыруға бағытталған. Факультет ұрпақтар сабақтастығын сақтаумен қатар, түлектер жаңа буын студенттердің білім беру траекторияларын қалыптастыруға белсенді қатысатын академиялық ынтымақтастық мәдениетін дамытып келеді. Қауымдастық түлектерінің құрамы: 1. Каскатаева Жанар Алданышқызы – түлектер қауымдастығының төрайымы, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, байланысушы тұлға – моб. тел.: +77013595479 2. Арабаджи Кристина Дмитриевна – шетел филологиясы кафедрасының оқытушысы. 3. Бакенова Айгуль Маратбековна – шет тілдер кафедрасының оқытушысы. 4. Ералинова Торгын Елемесовна – деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 5. Жукенова Гульназ Эндуаровна – Павлодар қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры. 6. Китибаева Альфия Каныбековна – академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ғалым хатшысы. 7. Кохановер Татьяна Юрьевна – деканның ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары. 8. Омарова Асима Молдахметовна – аударма теориясы мен практикасы кафедрасының оқытушысы. 9. Оспанова Венера Амантаевна – шет тілдер кафедрасының оқытушысы. 10. Тулеубаева Шолпан Каленовна – шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы. 11. Улжабаева Айша Габдулхамитовна - шет тілдер кафедрасының оқытушысы. 12. Фирсова Екатерина Евгеньевна – Француз Альянсының директоры, Қарағанды қ. 13. Шункеева Сауле Алишеровна – Инновациялық Еуразия университетінің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры, Павлодар қ.