Тарихы:
Экономика факультетінің тарихы Қарағанды мемлекеттік университетінің құрылған күнінен басталды. 1972 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінде экономика-заң факультеті ашылды. Оқу процесі экономика және материалдық-техникалық жабдықтауды жоспарлау; қаржы және кредит; саяси экономия үш мамандандырылған кафедраның күшімен қамтамасыз етілді.
1974-75 оқу жылынан бастап экономика факультеті дербес бөлініп шықты. Заман талабына сай факультетте жаңа кафедралардың пайда болып, құрылымдық қайта құрулар жүргізілді, оның ішінде ақша айналымы және несие кафедралары; экономикалық география және салалық экономикалар (70-ші жылдары); экономика және салалар мен аумақтарды жоспарлау; экономика және сыртқы экономикалық қызмет; бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау; экономикалық теория (90-шы жылдары) кафедралары пайда болды.
2025 жылғы 12 тамыздағы толықтыруларға сәйкес, 2001 жылғы 5 шілдедегі №648 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына енгізілген өзгерістер негізінде академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетіне ұлттық университет мәртебесі берілді. Бұл оның еліміздің білім беру және ғылыми салаларындағы жетекші рөлін айқындайды.
Факультеттің бастауында профессорлар Т.А.Абдразақов, А.Ж. Орманбаев, К.К.Қаракесов, А.А. Аубакирова, А.А.Алимбаев, Г.С. Сейткасимов, Р.Е. Елемесов, Р.К. Андарова, С.С. Аменова; доценттер Н.А. Қарамзин, У.С. Сағындықов, А.М. Зеваков, С.А.Сүлейменова және тағы басқалары тұрды.
Әр жылдары факультет басшылары болғандар:
- 1972-1974 жылдары - э.ғ.к., доцент Т.А. Абдразаков;
- 1974-1986 жылдары - э.ғ.к., доцент К.К. Каракесов;
- 1986-1988 жылдары - э.ғ.к., доцент Н.А. Карамзин;
- 1988-1990 жылдары - э.ғ.к., доцент А.Ж. Орманбаев;
- 1990-1993 жылдары - э.ғ.к., доцент Б.К. Кажыкаримов;
- 1993-1995 жылдары - э.ғ.д., профессор А.А. Темирбулатов;
- 1995-1999 жылдары - э.ғ.к., доцент С.М. Омирбаев;
- 1999-2000 жылдары - э.ғ.д., профессор Р.С. Каренов;
- 2000-2001 жылдары - э.ғ.д., профессор А.А. Алимбаев;
- 2001-2004 жылдары - э.ғ.д., профессор С.Н. Алпысбаева;
- 2004-2014 жылдары - э.ғ.д., профессор Б.С. Есенгельдин;
- 2014-2015 жылдары -- э.ғ.к., доцент А.К. Калыков;
- 2015 -2019 жылдары - - э.ғ.д., профессор Б.С. Есенгельдин;
- 2019 - 2023 жылдары - э.ғ.к., профессор Ж.С.Хусаинова;
- 2023 - 2024 жылдары – PhD, қауымдастырылған профессор А.Н. Ламбекова
Қазіргі уақыттағы факультет деканы э.ғ.к., қауымдастырылған профессор Е.Т. Акбаев
Білім алушылар:
Білім алушылар контингенті 1000 адамды құрайды, оның 20%-ға жуығы мемлекеттік білім грантында, бұл мемлекет пен қоғам тарапынан жоғары сенім деңгейін көрсетеді. Факультет бағдарламаларына түсетін талапкерлердің орташа саны жыл сайын 180-230 адамды құрайды.
Соңғы үш жылда факультет мамандықтары бойынша білім алушылардың орташа өсімі 25%-ды құрады, бұл білім беру бағдарламаларының қажеттілігі мен өзектілігін көрсетеді. Білім алушылардың географиясы Қазақстанның барлық аймақтарымен, сондай-ақ алыс және жақын шетелдермен байланысты: Ресей, Өзбекстан, Әзірбайжан, Германия.
Факультет студенттері жыл сайын Президенттік стипендияның, Тұңғыш Президент Қоры стипендиясының, бизнес-сектор өкілдері стипендияларының иегерлері, халықаралық және республикалық пәндік олимпиадалардың, ғылыми және шығармашылық конкурстардың жүлдегерлері болып табылады.
Оқытушылар:
Қазіргі уақытта факультетте ғылым докторлары, кандидаттар, PhD және магистр дәрежелері бар 80-ден астам оқытушы жұмыс істейді, олардың 13-сі ҚР ЖБ және ҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері. Сонымен қатар, бизнес-қауымдастық өкілдері жұмыс істейді, бұл оқытылатын пәндердің практикалық бағытына оң әсер етеді.
Білім беру бағдарламалары:
- бакалавриаттың 14 білім беру бағдарламалары, магистратураның 11 білім беру бағдарламалары, 4 PhD докторантура білім бағдарламасы;
- магистратураның 3 инновациялық білім беру бағдарламасы: «Стратегиялық HR-менеджмент», «Форензик-аудит және аналитика» (инновациялық, бейіндік магистратура), «Басқарушылық және қаржылық аналитика (Executive MBA)»
- көптілді білім беру бағдарламаларма: «Туризм».
Қосдипломды бағдарламалар:
«Экономикалық қауіпсіздік» (ҰЯЗУ «МИФИ»-мен бірлескен, Ресей), «Жобаларды басқару» (Льюис Ұлттық университетінің Жоғары бизнес мектебімен бірлескен, Польша).
Диссертациялық кеңес:
8D041 – Бизнес және басқару: 8D04101/6D050600 - Экономика оқу бағдарламсы бойынша философия докторы (PhD) бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес бар.
Жұмысқа орналастыру:
Бакалавриат бағдарламалары бойынша жұмысқа орналасудың орташа пайызы шамамен 85%-ды, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша 100%-ды құрайды.
Түлектер:
Факультеттің көптеген түлектері өз кәсібінде табысты мансапқа қол жеткізген:
Булекпаев Ермағанбет Қабдулұлы – Қарағанды облысының әкімі, 1996 жылғы «Қаржы және несие» мамандығының түлегі;
Ахметжанов Ануар Мұратұлы – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының стратегия және цифрландыру жөніндегі орынбасары, 1996 жылғы «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығының түлегі;
Таубаев Аяпберген Алданаевич – ректор университета ESIL университетінің ректоры (Астана қаласы), 1995 жылғы «Қаржы және несие» мамандығының түлегі;
Букенов Алтынторе Жангельдыевич – экономика ғылымдарының кандидаты Қарағанды қаласы қалалық маслихаттың төрағасы, 1995 жылғы «Қаржы және несие» мамандығының түлегі;
Турумбаев Талгат Ералиевич - член совета директоров Kusto Group тобының директорлар кеңесінің мұшесі, 1994 жылғы «Бухгалтерлік есеп, бақылау және шаруашылық қызметті талдау» мамандығының түлегі;
Жуматов Мереке Қайруллаевич — сертификатталған тәжірибелі бухгалтер (CAP), Қазақстан Республикасының аудиторы, ХҚЕС және DipIFR (Rus) бойынша тренер-оқытушы, оқыту саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар, 1995 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша оқу орнын бітірген түлек.
Күлпейісов Ернар Даулетұлы – Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры, 2002 жылғы «Экономика» мамандығының түлегі;
Нағаспаев Ерсайын Қайыргазиевич – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі, 2001 жылғы «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығының түлегі;
Серіктестер:
Прагадағы Экономика жоғарғы мектебі (Чехия)
Гонконг политехникалық университеті (Гонконг)
Таулы Алтай мемлекеттік университеті (Ресей)
Карлов университеті (Чехия)
Любляна университеті (Словения)
Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті (Ресей)
Ресей мемлекеттік туризм және сервис университеті (Ресей)
Ұлы Петр Санкт-Петербург политехникалық университеті (Ресей)
Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университеті (Ресей)
Вильнюс университеті (Литва)
Бабеш Больяй университеті (Румыния)
Злиндегі Томаш Бат университеті (Чехия)
Деусто университеті (Испания)
Аквилла университеті (Италия)
Катовицедегі экономикалық университет (Польша)
Жобалар:
Экономика факультетінде республикалық гранттық жобалар (ҚР ЖБ және ҒМ қаржыландыратын) жүзеге асырылуда:
- Республикалық жоба «АР26197239 «Влияние и оценка искусственного интеллекта на производительность труда как драйвера развития казахстанской экономики»» (Тапсырыс беруші – ҚР ЖБ және ҒМ; 2025-2027 жж.; жетекшісі – PhD, менеджмент кафедрасының профессоры Омарова А.Т.);
- Республикалық жоба NPH BR 28511965 «Разработка новой модели жилой среды на основе градостроительной концепции неономадизма и этнического многообразия» Тапсырыс беруші – ҚР ЖБ және ҒМ; 2025-2027 жж.; жетекшісі – PhD, менеджмент кафедрасының профессоры Омарова А.Т.);
Факультеттің институттары және орталықтары:
Экономика факультетінде цифрлық экономиканы зерттеу институты жұмыс істейді. Институт қызметі аясында кафедралардың студенттері мен магистранттары гранттық ғылыми жобаларды жүзеге асыруға, ғылыми жұмыстар конкурстарына және пәндік олимпиадаларға қатысуға, жақын және алыс шетелдердің жетекші ғылыми журналдарында бірлескен мақалалар жариялауға мүмкіндік алады.
Buketov University