Тарихы:
1955 жылы жаратылыстану факультеті физика-математика факультетінен бөлініп, жеке факультет ретінде құрылды. Жаратылыстану факультетінің алғашқы деканы химия ғылымдарының кандидаты Р.Г. Омарова болды. Ол лекциялар оқу деңгейін жоғары көтеріп, практикалық сабақтарды ұйымдастырып, Қазақстанда жоғары білікті биологтар мен химиктер даярлау ісіне зор үлес қосты. 1955 жылдың желтоқсанында жаратылыстану кафедрасының меңгерушісі қызметіне химия ғылымдарының кандидаты, доцент П.С. Кравицкая тағайындалды.
1956 жылы ботаника, зоология, химия кафедралары ашылды.
1964 жылы «Ауылшаруашылық өндірісі» кафедрасында агрохимиялық зертхана ашылып, онда Қарағанды облысының агрономдары қайта даярлаудан өтті.
1966 жылы зоология кафедрасы екіге бөлініп: «Зоология» және «Адам мен жануарлар физиологиясы» кафедралары құрылды.
1972 жылдың наурызында педагогикалық институт университетке қайта құрылды, және биология мен химия факультеті екі жеке факультет — биологиялық және химиялық факультеттердің негізі болды.
1973–1976 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің биологиялық факультетінің алғашқы деканы биология ғылымдарының кандидаттары, доцент Р.А. Токтамысова болды. 1976–1980 жылдары бұл қызметті И.М. Анапиев атқарды.
1980 жылы доцент О.А. Абдрахманов дайындық бөлімінен биологиялық факультетке декан болып ауыстырылды. Оның жеті жылдық басшылығында факультет барлық салаларда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді.
1990 жылы факультетте «Психология» және «География» мамандықтары бойынша білім беру басталып, факультеттегі кафедралар саны төрттен алтыға — «Психология» және «География» кафедралары қосылды.
1987–1991 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры болып биология ғылымдарының докторы, профессор А.Б. Бигалиев қызмет етті. Оның қолдауымен 1992 жылғы 10 сәуірде биологиялық факультеттің жаңа корпусы пайдалануға берілді. Құрылыстың жалпы алаңы – 5982 ш.м., бастапқы жоба құны шамамен 3 миллион рубль болды. Ғимарат құрылысына факультет оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты.
Факультеттің дамуы мен қалыптасуына 30 жылдан астам уақыт бойы еңбек еткен педагогтар – Абдрахманов О.А., Абулкасымова Н.Т., Александров И.Б., Анапиев И.М., Аубакиров Т.И., Аубакирова Х.Ж., Ахметжанова А.И., Балмагамбет Т.Б., Бекишев К.Б., Вишневская Г.В., Гвоздырова Е.М., Джумабаева Ш.Б., Дюсекеева Ш.Е., Ержанов Т.Н., Жумажан Ж.Ж., Капитонов В.И., Кожахмет М.К., Колбасинская В.Г., Кравицкая П.С., Кульжанова К.И., Мейрамова Р.Г., Мухачев Б.Н., Пудова Р.А., Скопин Н.Г., Славченко Н.П., Тарабаева Ж.Б., Утебаева М.К., Фатхулова А.Б., Шаушеков Т.К.
Факультетте еңбек еткен биология ғылымдарының докторлары, профессорлар: Кравицкая П.С., Корнилов В.И., Скопин Н.Г., Калинин В.И., Бигалиев А.Б., Ержанов Н.Т., Хантурин М.Р., Смагулов Н.К., Мырзаханов Н.М. және басқалар.
Оқушылар:
2020–2021 оқу жылында контингент 841 студент, 79 магистрант, 33 докторанттан тұрды. 953 оқуштың 627-сі мемлекеттік грант иегері. Соңғы үш жылда факультетке қабылданған абитуриенттер саны орта есеппен 200-ден астам, олардың 10 % – «Алтын белгі» иегері. Студенттер арасында Қазақстан, Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қытай, АҚШ аймақтарынан келгендер бар.
Түлектерді жұмысқа орналастыру:
Мамандық бітірушілердің жұмысқа орналасу көрсеткіші – 80%.
Оқытушылар:
Факультетте 50 оқытушы, оның 60 % ғылыми дәрежеге ие. 8 адам республикалық «ЖОО үздік оқытушысы» атағын алған.
Білім беру бағдарламалары:
Көптілді бағдарламалар бар: 5В011300/6В1509 – Биология, 5В011600/6В01510 – География, 5В060700/6В05101 – Биология, 5В070100/6В05102 – Биотехнология.
Диссертациялық кеңестер:
Доктор философия (PhD), профиль бойынша дәрежеге диссертация қорғау кеңесі 8D05108001 – Биология мамандығы бойынша.
Аккредитация және көшбасшылық:
Факультет бағдарламалары Тәуелсіз білім сапасын қамтамасыз ету агенттігімен аккредиттелген. 2020 жылғы ұлттық рейтингте бакалавриаттың 4, магистратураның 5 және докторантура бағдарламасы көшбасшы орындарға ие: 5В011300/6В1509 – Биология, 5В011600/6В01510 – География, 5В012900/6В01511 – География–Тарих, 5В060700/6В05101 - Биология, 5В060900/6В05203 – География; 7М01501501 – География, 7М05108301 – Геоботаника, 7М01501401 – Биология, 7М05208701 – Экология, 7М05108001 – Биология, 7М05108201 – Биотехнология, 8D051080001 – Биология.
Серіктестер:
«Gerhard Katsch» диабет институты (Германия),
Санкт Петербург мемлекеттік университетінің биолого топырақ факультетінің құрылымдық функционалдық бейімделу зертханасы (Ресей),
М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің География факультеті (Ресей),
Кәсіби аурулар мен гигиенаның кешенді мәселелері жөніндегі ҒЗИ (Ресей),
Вроцлав экология және жер ғылымдары университеті (Польша),
«Неофит Рилски» Оңтүстік-Батыс университеті (Болгария).
Ғылыми жобалар:
«Лейкозы бар науқастарда Филадельфия хромосомасын анықтау және D дәрумені деңгейі» Нұр-Сұлтан қаласындағы Биотехнология ұлттық орталығы, Израильдің Ben Gurion университетімен,
«Орталық Қазақстан флорасы және өсімдік ресурстары» Нұр-Сұлтан Астана ботаникалық бағы, Ақтау Маңғыстау эксперименттік ботаникалық бағы, Жезқазған ботаникалық бағы,
«Өсімдік материалдарын криоконсервациялау және микроклондық көбею» Алматы өсімдік биологиясы және биотехнология институты, Санкт Петербург В.И. Вавилов атындағы өсімдік генетикалық ресурстары институты, Харьков криобиология және криомедицина институтымен,
«Қарағанды облысы жағдайында дәрілік және ағаш-бұталы өсімдіктерді интродукциялау» Барнаулдағы Алтай мемлекеттік университеті, Нұр-Сұлтан Астана ботаникалық бағы,
«Қазақстан дәрілік өсімдіктерінің фармакогностикалық, гистохимиялық және тауар-танулық талдауы» Қарағанды медициналық университеті, Нұр-Сұлтан ЕНУ қолданбалы химия институты, Степногорск қаласындағы «Биомедпрепарат» ЖШС.
Биологиялық факультет түлегі:
Айбат Музбай – «Kazakhstan Wildlife Foundation» ҚҚ атқарушы директоры, SULI жұмыс тобының мүшесі, IUCN SSC (Биология мамандығы, 2018 жылы бітіруші)
Бекмухаметов Алибек Муратұлы – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Атырау облысы экология департаментін басқаратын (Экология мамандығы, 2004 жылы бітіруші)
Воронова Вера Владимировна – «Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» ҚҚ атқарушы директоры, Нұр Сұлтан (Экология мамандығы, 2007 жылы бітіруші)
Жирков Валентин Васильевич – «Биосфера Қазақстан» ҒЗО директоры, Жезқазған (Биология мамандығы, 2006 жылы бітіруші)
Ким А.В. – Қарағанды облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы (Экология мамандығы, 2003 жылы бітіруші)
Маратов Темирлан – ҚР АӨК мемлекеттік инспекция комитетінде бас сарапшы (Биотехнология мамандығы, 2017 жылы бітіруші)
Мусаханова Камшат – Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметінің кадр бөлімінің бастығы (Экология мамандығы, 2004 жылы бітіруші)
Протас Евгений – Қарағанды облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы бөлімінің басшысы (Биология мамандығы, 2013 жылы бітіруші)
Сергей Рябцев – Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы (Биология мамандығы, 2013 жылы бітіруші)
Төлегенов Асылжан Қанатұлы – «Қазхимконтракс» АҚ экология департаментінің бас маманы (Экология мамандығы, 2015 жылы бітіруші)
Шайзадаева Жансая Амирзадаевна – Қарағанды облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану жөніндегі басқармасының бас маманы (Экология мамандығы, 2015 жылы бітіруші)
Түлектер ассоциациясы:
Факультет түлектер ассоциациясы 2006 жылы құрылды. Ассоциацияға әр жылдары факультеттен шыққан түлектер кіреді. Бұл ұйым факультет пен корпоративтік орта арасындағы серіктестік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.
Түлектер қауымдастығының құрамы:
Айбат Музбай – «Kazakhstan Wildlife Foundation» ҚҚ атқарушы директоры, SULI орталық Азиядағы жұмыс тобының мүшесі, IUCN SSC
Ахметжанов Береке Қанатханович – ТОО «Қарағанды сервис» кәсіпорнында еңбекті қорғау және қауіпсіздік инженері
Бекмухаметов Алибек Муратұлы – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Атырау облысы экология департаментінің басшысы
Воронова Вера Владимировна – Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының атқарушы директоры, Нұр Сұлтан
Ержанов Нұрлан Тельманұлы – Торғайгыров университетінің Ғылыми жұмыстар және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басқарма төрағасының ғылыми орынбасары, биология ғылымдарының докторы, профессор
Жирков Валентин Васильевич – «Биосфера Қазақстан» ҒЗО директоры, Жезқазған
Мусаханова Камшат – Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстар қызметінің кадр бөлімі бастығы
Протас Евгений – Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы
Рябцев Сергей – Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы
Сейткалиев Ильяс Омирсерикович – «Қазгидромет» гидрология бөлімі бастығы
Төлегенов Асылжан Қанатұлы – «Қазхимконтракс» АҚ экология департаментінің бас маманы
Байланыс тұлғасы: факультет деканы Талжанов Серікболат Алдунгарұлы
Электрондық пошта: bgf-olimp@mail.ru