АРХЕОЛОГИЯ, ЭТНОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТАРИХ КАФЕДРАСЫ ТУРАЛЫ ТОЛЫҚ АҚПАРАТ

Тарихы:

Қазақ КСР Жоғары және орта арнайы білім министрлігінің 1966 жылы 1 қазандағы бұйрығымен Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институтының тарих кафедрасы екі кафедраға бөлінді: Жалпы тарих кафедрасы және Қазақстан мен КСРО тарихы кафедрасы.

1972 жылдан бастап факультетте КСРО тарихы және Қазақстан тарихы кафедралары жұмыс істеді. 1992 жылы КСРО тарихы кафедрасынан тарихнама, деректану және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы бөлініп шықты. Бұл кафедра 1997 жылға дейін жұмыс істеді. Қазақстан тарихы кафедрасынан археология, этнология және ежелгі дүние тарихы кафедрасы бөлініп шықты.

1998 жылы тарихнама, деректану және тарихты оқыту әдістемесі кафедрасы археология, этнология және ежелгі әлем тарихы кафедрасымен біріктіріліп, археология, этнология және Қазақстан тарихы кафедрасы аталды. 2005 жылдан кафедраның атауы археология, этнология және Отан тарихы болып өзгерді.

Кафедра меңгерушілері: т.ғ.д., профессор Ж.О. Артықбаев 1998 жылдан 2000 жылға дейін; т.ғ.к., доцент Алпысбес М.А. 2000 жылдан 2001 жылға дейін; т.ғ.к., доцент Бейсенбекова Н.А. 2001 жылдан 2006 жылға дейін; т.ғ.д., профессор Сактаганова З.Г. 2006 жылдан 2007 жылға дейін; т.ғ.к., доцент Өскембаев Қ.С. 2007 жылдан 2019 жылға дейін; т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Абдрахманова К.К. 2019 жылдан – 2021 жылға дейін; PhD доктор, профессор ассистенті Бодеев К.Т. – 2021 жылдан бүгінгі күнге дейін.

Оқытушылар:

Кафедрада «Тарих», «Тарихнама және деректану» профилі бойынша жетекші профессорлар, қауымдастырылған профессор/доценттер және оқытушылар жұмыс істейді. Кафедра оқытушыларының арасында профессор зертттеуші, т.ғ.д., ҚР Тарих және әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі; Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласындағы («Қазақстан тарихы») университеттік базалық пәндері бойынша білім беру бағдарламалары конкурсында Сорос қорының грант иегері З.Г.Сактаганова; 5 «ҚР ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегерлері Сактаганова З.Г. (2006, 2011), Шотбакова Л.К. (2008), Өскембаев Қ.С.(2012), Зуева Л.И. (2015), Амрина М.С. (2017); Қазақстан Республикасының ғылымы мен технологиясының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің 1 стипендиаты – профессор З.Г. Сактаганова (2009, 2013, 2019), дарынды жас ғалымдарға арналған ҚР БҒМ стипендиясының иегері – аға оқытушы Е.Ш. Амиров (2017), «Алтын қалам» әдеби сыйлығының иегері – профессор З.Г. Сактаганова (2019), ҚР ҒЖБМ «Қазақстан Республикасының үздік ғылыми қызметкері» сыйлығының иегері профессор зерттеуші З.Г. Сактаганова (2022ж.), гуманитарлық ғылымдар саласындағы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты – профессор Р.М. Жумашев (2020 ж.), Қарағанды қаласы әкімінің «Нұрқадам» байқауында «Жылдың жас мұғалімі» номинациясы бойынша лауреат – аға оқытушы М.Б. Муратова (2020). Қ.Ж. Жуасов атындағы сыйақы лауреаттары – профессор зерттеуші З.Г. Сактаганова, профессор Л.К. Шотбакова, қауымдастырылған профессорлар С.У. Жауымбаев, В.В.Варфоломеев, профессор ассистенті Н.А.Бейсенбекова.

Хирш индексі бойынша кафедра ғалымдарының рейтингі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор В.В. Варфоломеев (Scopus 8, Web of Science 6); т.ғ.д., профессор зерттеуші З.Г. Сактаганова (Scopus 5); т.ғ.д., профессор Р.М. Жумашев (Scopus 2, Web of Science 1); т.ғ.к., профессор Л.К. Шотбакова (Scopus 1); т.ғ.к., қауымдастырылған профессор К.К. Абдрахманова (Scopus 1); т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Карсыбаева Ж.А. (Scopus 1), PhD доктор, профессор ассистенті Абдукаримова Ж.К. (Scopus 1).

Профессор Р.М. Жумашев 6D020300/8D02202-«Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы, ТМУ жанындағы Сібір ашық университеті қауымдастығының мүшесі, БСҚТА агенттігінің сарапшысы; профессор зерттеуші З.Г. Сактаганова БСҚТА агенттігінің сарапшысы, АРТА агенттігінің Аккредиттеу кеңесінің сарапшысы, ҰМҒТСО мүшесі (2018, 2019 жж.), 6D020300/8D02202-«Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес төрағасының орынбасары, «Қарағанды университетінің хабаршысы. Тарих. Философия сериасы», сондай-ақ «Education and SCIENCE without borders» журналы (Прага, Чехия), «Asian Journal of Social and Human Sciences» (Словакия), «Историческая и социально-образовательная мысль» (РФ) (2016-2023 жж.) ғылыми журналдарының редакциялық алқасының мүшесі; профессор Шотбакова Л.К. және қауымдастырылған профессор В.В. Варфоломеев ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің сарапшылары болды (2017-2022 жж.). Аға оқытушы Е.Ш. Амиров – «Қазақстан археологиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі; профессорлар С.У. Жауымбаев және Л.К. Шотбакова Қазақстан тарихшылары Конгресінің мүшелері; профессор С.У. Жауымбаев және профессор ассистенті Н.А. Бейсенбекова «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» бірлестігінің мүшелері.

Профессор зерттеуші З.Г. Сактаганова, профессорлар Р.М. Жумашев, Л.К. Шотбакова, профессор ассистенті Н.А. Бейсенбекова Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық оңалту жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшелері болды (2020-2023 жж.).

Білім алушылар:

Кафедраның білім беру бағдарламаларына сұраныстың жоғарылығы талапкерлер контингентінің жыл сайын артуымен дәлелденеді.

Кафедраның білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттары арасында республиканың барлық өңірлерінің өкілдері бар.

Академиялық ұтқырлық аясында кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша қазақстандық жоғары оқу орындары мен шет елдердің (РФ, Италия, Эстония, Венгрия) студенттері мен магистранттары білім алды.

Кафедра студенттері жыл сайын республикалық пәндік олимпиадаларға белсенді қатысып, жүлделі орындарға ие болуда:

2019-2020 жж:

5В011400 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша командалық I орын (Шәкәрім университетінің базасында, Семей қ.)

5В020300-Тарих білім беру бағдарламасы бойынша II орын (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында, Нұр-Сұлтан қ.)

5В020800-Археология және этнология білім беру бағдарламасы бойынша II орын (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында, Алматы қ.)

2020-2021 жж:

5В020800-Археология және этнология білім беру бағдарламасы бойынша II орын (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында, Нұр-Сұлтан қ.).

5В020300 – Тарих білім беру бағдарламасы бойынша ІІІ орын («Торайғыров университеті» КЕАҚ базасында, Павлодар қ.)

2021-2022 жж:

5В011400/6В01601 – «Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша І орын (А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ базасында, Қостанай қ.)

5В020300/6В02204 – Тарих білім беру бағдарламасы бойынша І орын (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында, Нұр-Сұлтан қ.).

5В020800/6В02203 – археология және этнология білім беру бағдарламасы бойынша ІІ орын (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті базасында, Қызылорда қ.)

2022-2023 жж:

6В02203-Археология және этнология білім беру бағдарламасы бойынша ІІ орын (Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ базасында, Астана қ.).

Түрлі жылдарда кафедраның білім беру бағдарламаларының студенттері Президент стипендиясының иегерлері атанды:

2019-2020 жж: Тұтқыш Айдана (5В011400-Тарих), Аширбекова Зарина (5В020300-Тарих), Тобылов Әділ (5В020300-Тарих), Баспакова Мадина (5В020300-Тарих).

2020-2021 жж.: Жаппарова Мадина Нурдаулетовна (6B01408-Тарих, құқық негіздері және кәсіпкерлік), Колдасова Гулниза Омарбековна (6B01408-Тарих, құқық негіздері және кәсіпкерлік), Қасымжанова Жібек Ерікқызы (6В01601-Тарих).

2021-2022 жж.: Тельман Ұлықбек Думанұлы (6В01601-Тарих), Рахымберлинова Айкүміс Болатханқызы (6В01601-Тарих), Колдасова Гулниза Омарбековна (6B01408-Тарих, құқық негіздері және кәсіпкерлік), Байгазиева Наргиз Алмасовна (6В02204-Тарих); Аскербекова Айым Жанатовна (6В02204-Тарих), Прилуцкий Михаил Александрович (6В02204-Тарих), Әбутәліп Айгерім Ризабекқызы (6В02204-Тарих)

2022-2023 жж.: Рахымберлинова Айкүміс Болатханқызы (6В01601-Тарих), Колдасова Гулниза Омарбековна (6B01408-Тарих, құқық негіздері және кәсіпкерлік), Байгазиева Наргиз Алмасовна (6В02204-Тарих), Аскербекова Айым Жанатовна (6В02204-Тарих), Мухаметжанова Гаухар Кудияровна (6В02204-Тарих), Прилуцкий Михаил Александрович (6В02204-Тарих), Тельман Ұлықбек Думанұлы (6В01601-Тарих), Турсынбек Талшын Асхатқызы (6В01601-Тарих), Балтабай Айнұр Нұрболқызы (6В01601-Тарих), Байгазиева Наргиз Алмасовна (6В02204-Тарих), Кульжанова Диана Аскаровна (6В01601-Тарих).

Жұмысқа орналасу:

Кафедраның білім беру бағдарламалары түлектерніің жұмысқа орналасуы 100% құрайды.